0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Июнь, 16 от Таңшолпан в категории Қазақ әдебиеті

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Несіпбек Айтұлы

Аялдай кет

Өлдім демесертеңіне сенген ер,

Туғаннан соң өлебілу, ол да-өнер.

Сусып түскен сақинадай саусақтан,

Сағым-ғұмырсөнерінде дөңгелер.

Кісінеуменбелдеудегі ат қалар,

Құлазументөріндегі тақ қалар.

Бір бұрқ етіп сенің соңғы тынысың,

Белгісіз бір бағыттарға аттанар.

Өкінішсіз кету қандай ғанибет,

Жүрегіңді сөнбес нұрға табиғы ет.

Құшағына мәңгі өмірдің кірерде,

Өз иесін тылсымдағы таниды от.

Жанарында елес беріп соңғы нұр,

Қиналады сені қимай сол ғұмыр.

Мұңдты дүние бас-аяғы баянсыз,

Күрсінеді мүсәпірдей сорлы бір.

Шешкеннен соң тірлік алтын шапанын,

Қара көйлек кигізеді апаның.

Топырағың сүйіп-құшар тебіреніп,

Күн сәулесін, таңның шұғыла-шапағын.

Қияметте сенен жауап кім алар,

Жер бетінде қалса барлық күнәлар?

Мұнда біреу рахатта жатыр деп,

Аялдай кет, ей, жолаушы, пірадар!

ответил 10 Июнь, 16 от Думан
0 интересует 0 не интересует

Несіпбек Айтұлы

Құралай-ғұмыр

Мына күннің алды - жаңбыр, арты - қар

Тоңған жаным торғайдайын қалтырар.

Ғұмыр сірә қызыл шақа құралай,

Туа сала сан жығылып, сан тұрар.

Мына түннің арты - боран, алды - қар,

Жыласаң да сыңайы жоқ зарды ұғар.

Қар үстінде қалтыраған нәресте,

Қайда барар, қай тарапқа қаңғырар?

Қорғансызға жер бетінде жоқ пана,

Жемтік болар жыртқышқа да, оққа да.

Құлдыраған сәби-жүрек тобықтай,

Құстай ұшып жанын сақтар тек қана.

Кім біледі алдында не күтіп тұр,

Жүгірмесе жоғалтардай жұтып қыр.

Ызғарлана түпсіз қойнын ашады,

Шексіз әлем бермейтұғын бітіп бір.

Сенделеді қиырына шыға алмай,

Жүрегіне біреу пышақ сұғардай.

Төбесінен мың бәлекет ұлиды,

Күтір-күтір аспан мұзы сынардай.

Ғұмыр сірә жез киіктің лағы,

Таптырмайды шөлдегенде бұлағы.

Ортасында өмір менен өлімнің,

Күндіз-түні елеңдейді құлағы.

Құралайым, тұра берме құр қарап,

Жон теріңді сыдырғанша бір қабат.

Онсыз-дағы құдіреттің көк иті,

Тарпа бас caп, талап жейді жұлмалап.

ответил 10 Июнь, 16 от Сайлау