0 интересует 0 не интересует
спросил 15 Фев, 16 от Балнұр в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Менің Отаным - Қазақстан

Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, сүйікті мемлекет. Ол - менің Отаным!

Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін сарп, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасыдай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он алты миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын да. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен де қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, ұйғыр, неміс, кәріс, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер басылып, ұлттық театрлар, эстрадалық ансамбльдер жұмыс істеп, радио мен теледидарларда ұлттық бағдарламалар жүргізіліп жатады. 

Әр ұлттан құралған біздің бәріміздің басымызды біріктіретін - ортақ Отанымыз. Мұнда қазақтар да, татарлар да, орыстар да, кәрістер де бар. Бәріміз үшін бұл жер туған жерімізге айналған. Ынтымақ пен бірлікке деген талпыныс әр ұлттың қанынан табылады, әсіресе, оны қазақтардан байқай аламыз. Қазақ жері қаншалықты кеңпейіл, жомарт болса, қазақ халқы да - соншалықты қонақжай әрі кеңпейіл. Осында тұратын барша адамға қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрін білу парыз. 

Қазақстан - тәуелсіздігін алғанына жиырма жылдан енді асса да, үлкен мүмкіндіктерге толы мемлекет. Оның дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір біз бала болсақ та, әлден болашаққа жоспарлар құрып, мемелекетіміздің дамуына септігін тигізер үлкен азамат болсақ деген арманмен өмір сүреміз. Сабақты жақсы оқып, мейірімді әрі кеңпейілді болып, үлкендерді құрметтеп, кішілерге ізет көрсетіп, көп нәрсені үйреніп, адамдардың қайғы-мұңына жанашырлық танытып, көмектесе білуіміз керек. Себебі бұл игі қасиеттің бәрі біздің елбасымыздың бойынан табылады.

Біз тыныш та тату өмір сүруімізге жағдай жасап жатқаны үшін елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрметтейміз. Әрине, әр түн сайын ұйқыға жатарда ертең аман-есен оянатынымызға, болашағымызға еш қауіп жоқ екенін сезініп, сенеміз. Өмірде одан басқа адамға не керек? Жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік - әр адамның ең басты тілегі мен қалауы. 

Міне, менің Қазақстаным осындай! Оны қалай сүймеске?

Біз мемлекетіміздің өткенімен мақтанып, оның бүгіні мен келешегі үшін аянбай тер төгіп, өмірімізді арнаймыз.

ответил 16 Фев, 16 от Темірлан
кккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккккллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллаааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааассссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссс