0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Июнь, 16 от Айзат в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Омыртқаны түзетудің емдік шаралары:

  • Қолмен емдеу. Оның көмегімен омыртқа, жауырын, жамбас пен аяқ дұрыс қалыпқа келтіріледі. Ауырсыну сезімі басылып, қиымдл-әрекет қалпына келеді.
  • Массаж бен физиотерапия: рефлексотерапия, акупунктура, арқа бұлшық етінің электростимуляциясы.
  • Корсет. Омыртқа қатты қисайған кей жағдайларда (үшінші, төртінші дәреже) омыртқаға қосымша тірек қажет.
  • Дұрыс тамақтану омыртқа қисаюының алдын-алудың ғана емес, емдеудің де маңызды бөлігі болып табылады. Организм жеткілікті мөлшерде ақуыз, кальций, С және D дәрумендерін алуы қажет. 
  • Дене шынықтырудың емдік жаттығуларымен айналысу бұлшықеттерді нығайтады.

Омыртқаны түзетуге арналған жаттығулар:

  • Омыртқаны жеңілдету. 2-3 минут еңбектеп жүру.
  • Оымртқаны созу. Арқамызбен жатып, аяқ бармақтарымен төменге, басымызбен жоғарыға тартыламыз.
  • Велосипед. Велосипедпен жүргендегі тәрізді етіп аяғымызды қимылдатамыз. 
  • Қайшы. Арқамызбен жатып, аяғымызды қайшыластырамыз.
  • Қайшы. Етпетімізбен жатып, аяғымызды қайшыластырамыз.
  • Жүзу. Етпетімізбен жатып, аяғымызды созып, жүзіп жүргендей қимылдаймыз.
  • Айнаға қарап отырып-тұру. Айнаға қарап, өзіңді бақылау арқылы жаттығу жасау - дене сымбаты үшін тамаша жаттығу. 5-10 реттен бірнеше қайтара отырып-тұрамыз. Жаттығуды баяу қозғалыспен жасаған дұрыс. 

ответил 10 Июнь, 16 от Дария