Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Улы жәндіктер шаққанда не істеу керек?

Талқылау
Пікір
Ринат
02 Шілде, 16

Жәндік шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек. Сізді қандай жәндік шақпаса да, дәрігерлер жәндік шаққан орынға қырмызыгүл тұнбасымен дымқылданған мақта басуға кеңес береді. Ол тек ісінуді басып қана қоймай, құрамындағы спирт себепті антисептик қызметін атқарады. Не болса да, егер табиғат аясында демалуға аттанбақ болсаңыз, өзіңізбен бірге антисептикалық, ісінуге қарсы, жараны жазатын әсері бар май не гель (мысалы, фенистил-гель, цикадермаа гомеопатикалық майы) алғаныңыз жөн. Егер жәндік шаққаннан кейін демігу, бас ауруы, жүрек айну не ққсу орын алса, дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Егер жәндік ерін, бет не басты шағып алса, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсеткеннен кейін тез арада жедел жәрдем шақыру керек. Себебі жәндіктің бұл аумақтарды шағуы тұншығуға сеп болуы мүмкін. Сонымен қатар ісік жайылып немесе дененің түрлі аумағында бөртпелер пайда болса, бет ісіп, бас айналып, ауысра, жүрек айнып, құсып, демігіп, кеуде тұсы ауырса да бірден дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?