0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Фев, 16 от Хамит в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-да кезедесетін сұрақтар

  1. "Үйсіндер шығысында ғұндармен, солтүстік-батысында Қаңлылармен, батысында Давандармен, оңтүстігінде түрлі тұрақты иеліктермен шекаралас жатқан".
  2.  Гректер сақтар туралы "дұшпанға қатал, досқа адал" деп баяндаған.
  3. Сынтас қорымынан үш сармат жауынгері табылған.
  4. 1858 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасы болды.
  5. 1822 жылғы "Жарғы" денсаулық сақтау саласына өзгерістер енгізуді жобалаған.
  6. Киіз үйдің құраудағы негізі екі зат - ағаш пен киіз.
  7. 2003 және 2006 жылдары ілемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтті.
  8. 1992 жылы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей өзара көмек, ынтымақтастық, достық жөніндегі келісімге қол қойды.
  9. 1833 жылы А.С.Пушкин Орал мен Орынборда болған.
  10. Құрманғазы Сағырбайұлы - 60 күйдің авторы.
  11. "Адай", "Сарыарқа", "Балбырауын" күйлерінің авторы - Құрманғазы Сағырбайұлы.
  12. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған, әлемдегі геоцентрлік жүйені Каперниктен 500 жыл бұрын дәлелдеген - Әбу-Райхан әл-Бируни.
  13. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің көптеген жерлеу орындары қорған түрінде кездеседі.
  14. 1204 жылы Даян-хан Шыңғыс хан қолынан жеңіліс тапты.
  15. 1598 жылы Ресей Сібір хандығын басып алды.
  16. 1627 жылы Есім ханның жеңісімен аяқталған Есім хан мен Тұрсын хан арасында шайқас болды.
  17. 1710-1720 жылдары қазақтар Ресейге бірнеше рет соғыс одағын құру туралы сұраған. Ресей тарапынан Швециямен соғысып жатқандығы үшін жауап болмады.
  18. 1801 жылы Оралдың оң жағалауында Ішкі Орда құрылды.
  19. 1843 жылы Жанқожа отряды Хиуа қамалын бұзды.
  20. 1858-1859 жылдар Шоқан Уәлиханов әйгілі Қашғар саяхатын жасаған.
  21. 751 жылы Таразға жақын Атлах қаласының маңында қарлұқтар менарабтар бірігіп, қытайлармен соғысты.
  22. 985 жылы князь Владимир түркілермен (оғыз) одақтасып, Еділ Бұлғарларына қарсы жорыққа аттанды.
  23. VI ғасырда он түркі түменін басқарған - Иштеми қаған.
  24. Ақмола облысында "Жас қазақ" ұйымы құрылды.
  25. Мұрғап өзенінің бойында хаомаварга сақтары мекендеген.

ответил 25 Фев, 16 от Айдос