0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Фев, 16 от Жанна в категории Денсаулық
категория изменена 02 Март, 16 от Дина

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Тұмау несімен қауіпті?

Тұмау тигенде адамның иммундық жүйесін әлсіретіп, жұқпалы вирустардың әрі қарай дамуына көмектеседі. Тұмаудың асқынуының салдары өкпе қабынуымен қатар, өкпе қабынуының талаурауы (плеврит), құлақтың қабынуы, тыныс жолдарының қабынуына (бронхит) апарып соғады. 

Өкпе қабынуының талаурауы. Бұл, өкпені қаптап тұрған қабық, өкпе қабының қабынуы. Өкпе қабынуының талаурауының тұмаумен қатар жүретін тоңу, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі сияқты ауру нышандарымен бірге, терең тыныстағанда немесе жөтелгенде бүйірдің ауруы сынды белгісі де бар. Ауру қауіпті болғандықтан, емделу үшін стационраға жату керек. Тек аурудан айығып, қалыптаса бастағанда ғана үй жағдайында ем жалғастыруға болады.

Құлақтың қабынуы. Құлаққа суық тигендігі үнемі солқылдап ауыруынан байқалады. Ол тек құлағыңызды ауыртып қоймай, басыңызды, мойныңыз бен тісіңізді де ауыртады. Құлақ қабынуына ұшыраған адамның құлағында үнемі шу тұрып, есту қабілеті төмендейді. Ауырған құлаққа жылы затты басқанда аурсыну сезімі сәл жеңілдейді. Мұндай жағдайда суға камфора спиртін араластырып, компресстер жасауға болады. Егер құлақ қабынуын дер кезінде емдемесе немесе кеш емдесе, құлақтан ірің ағатын созылмалы ауыруға жалғасады.

Тыныс жолдарының қабынуы. Бұл тыныс ауру жолдарында орын алатын қауіпті ауру. Тұмау вирустары тыныс жолдарының шырышты қабығының эпителий жасушаларын зақымдап, олардың бүлінуіне алып келеді. Бұл бүлінген жерлерде бактериялардың тінге еніп, көбеюіне ыңғайлы жағдай туатынын аңғартады. Адам тұмаудан жазылып, қабыну басылса, зақымданған шырышты қабық бірнеше апта ішінде қалпына келеді. 

Денсаулығыңыздағы қиындықтар ұзаққа созылмас үшін, дер кезінде тұмауды емдеп, дұрыс емдеу шараларын қолдану керек.

ответил 26 Фев, 16 от Айзат