0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Фев, 16 от Парасат в категории Тарих
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Сұраншы батыр Ақынбекұлы 1815-1864 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол Алматы обылысындағы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Оның арғы атасы  Түрікпен мен атасы Дәулет жоңғарлармен ұрыста елін қорғап, жерін жаудан азат еткен XVIII ғасырдың атақты батырлары болған. Сұраншы батыр аталарының ізімен өмірін елі мен жерін қорғауға арнаған. 1848 жылы Қоқан ханы Құдияр қолымен болған Тойшыбек қамалының маңындағы шайқаста, Шамалған, Сарыкемер жерлеріндегі ұрыста Сұраншы батыр әскерлерімен ерлік танытады. 

1858 жылы орыс әскерінің генералы Г.Колпаковский Омскідегі Сібір генерал-губернаотрына жазған хатында Сұраншы батырмен достық қарым-қатынас орнатқанын, оның әскерімен орыс әскеріне көмекке келуге дайын екенідігін жазған. 1859 жылы Сұраншы батырға орыс армиясының прапорщигі атағы берілген. 

Сұраншы батыр Сайрам қаласы үшін шайқаста мерт болады. Бұл жайында "Военный вестник" басылымының 1864 жылғы №5 санында: "Шымкент қамалы маңындағы Сайрам шайқасында халық батыры, прапорщик Сұраншы Хакім-Бек ерлікпен қаза тапты",- деп жазады. Батырдың құрметіне Сүйінбай Аронұлы "Ту алып жауға шапсаң сен" туындысын, Жамбыл Жабаев "Сұраншы батыр" дастанын жазған.

ответил 01 Март, 16 от Алмат