Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Шымкентте мопед мінген курьер қоршауға соғылып, қаза болды
Маман кез келген жаста өзіңді жақсы сезінудің төрт жолын атады
Байден Трамппен дебатқа түсуге дайын екенін хабарлады
Семейде 25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап келген блогер сотталды
Ақтауда бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
Президент мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Тоғыз кәсіпкерді алдап кеткен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы да өзгерді
Статистика: Қазақстанда әйелдер уақытын неге жұмсайды
"Оқушы қыз жүкті емес": Түркістан облысы полициясы жасөспірімді зорлау оқиғасы туралы түсініктеме берді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Мұхтар Мағауин қандай шығармалар жазған?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Жазушы шығармашылық жолын әдеби зерттеулерден бастаған. Мұнан соң тек жазушылықпен шұғылданып, көркем шығармаға жазуға бет бұрды. Оның тұңғыш туындысы 1964 жылы "Жұлдыз" журналы бетінде жарық көрген - "Кешқұрым" әңгімесі.Түрлі тақырыпты, мәселені қозғаған бұл көркем туындылардың қайсібірін алсақ та, барлығы оқырмандар көңілінен шығып, әдеби ортаның назарын аударып, жұртының жүрегіне жол тауып жатты. Жазушыны қалың бұқараға танымал еткен - "Әйел махаббаты" әңгімесі. Ол 1969 жылы "Жұлдыз" журналында басылған. Мағауиннің көркем шығарма жазуда өзіндік ерекшелігі бар. Ол образ жасауды, тарихи деректерді дөп баса қолдануды, тіл көркемдігін шебер меңгерген. Қаламгердің "Ұлтсыздану ұраны" кітабы бүгінгі қазақ қоғамындағы мемлекеттік мәселені алға тартқан. "Ғасырлар бедері", "Қобыз сарыны" зерттеу еңбектерінде қазақ халқы әдебиетінің негізгі, өзекті мәселелері көтерілген. Қазақ тарихын сонау замандардан бастап сөз ететін "Қазақ тарихының әліппесі" еңбегі тарихтан сыр шертіп қана қоймай, оқырмандар жүрегіне асқақ рух, патреоттық сезім сыйлайды.
Мұхтар Мағауин "Алдаспан", "Үш ғасыр жырлайды", "Бес ғасыр жырлайды", "Ай, заман-ай, заман-ай" атты ақын-жыраулар шығармаларының антологиясын құрастырып, жарыққа шығарды. "Ғасырлар бедері", "Қазақ тарихының әліппесі" зерртеу еңбектері қазақ тарихының 500 жылдық кезеңін қамтиды. "Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет" оқулығы мен хрестоматиясының авторы. Қаламгер шығармалары бірнеше шет тілдерге аударылған. Мұхтар Мағауин Мемлекет (1984), халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" (1997), "Тарлан" сыйлықтарының (2002) лауреаты.
Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 1940 жылы ақпан айының екінші жұлдызында ШҚО Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол - жазушы, әдебиет зерттеушісі, филолология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның халық жазушысы. ҚазМУ-ды 1962 жылы осы университеттің аспирантурасын бітірген. "Қазаұ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, "Жазушы" баспасында, "Жалын" альманахында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-де аға ғылыми қызметкер, доцент, "Жазушы" бас пасында (1965-1986) бас редактор қызметтерін атқарған. 1988-2006 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. 2007 жылдан еркін шығармашылық жұмыста. Мағауиннің "Кешқұрым", соғыстан кейінгі ауыл өмірін суреттеген "Ақша қар", "Қияндағы қыстау" әңгіме, повестері, "Көк мұнар", "Шақан шері" романдары, "Аласапыран" тарихи роман-диалогиясы жарық көрген. Жазушы шығармаларында ХХ ғасырдағы ауыл, қала тұрмысы, түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің тағдыры психологиялық-философиялық тереңдікпен көркем бейнеленген. "Қобыз сарыны" монографиясынла хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын жүйелі түрде талдады.