0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Март, 16 от Арнұр в категории Махаббат
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қызбен дұрыс танысуға арналған кеңестер

Қызбен таныспас бұрын, кез-келген қызға жас жігіттің назар аударып, әдемі танысқаны ұнайтынын естен шығармаңыз. Оған бас салып тиіс не жабысудың керегі жоқ, жәй ғана танысып, тілдесуіңіз жетіп жатыр. Өзіне көңіл бөлгенді қай қыз ұнатпасын? Ал танысуды қалай ерекше ету керегін білгіңіз келсе, төмендегі кеңестерді оқып көріңіз. 

  • Көзіңізді ұнатқан қызыңыздың көзіне түйістіріңіз. Сонан соң сәл ғана жымиыңыз. Жауап ретінде қыздың да жымияры анық. 
  • Көзбен байланыс орын алғаннан кейін қыз сізге жымиып, шашын түзеген болса, бірден телефон нөмірін сұрауыңызға болады. Оған: "Сәлем! Көктен түскен періштедей екенсіз. Телефон нөміріңізді алуыма рақсат па?"- деп лебізіңізді білдіре аласыз. 
  • Танысықты қошеметтен де бастауға болады,бірақ оның орынды әрі шынайы болғаны жөн. Қыздың бойындағы ерекшелігін немесе сырт пішініндегі ұқыптылықты, тыртымдылығын мақтаңыз. Мысалы, "сөмкең мен аяқ кимің бір-біріне өте жақсы үйлеседі екен". 
  • Сұрақ қоюдан қысылмаңыз. 
  • Кез-келген жерде танысуға болады. Мейлі ол қоғамдық көлікте, кітпаханада, дәмханада не сауда орталығында болсын. Қорқынышыңызды жеңіңіз де, танысуға батыл қадам жасаңыз. Тек қипақтап, бір шешімге келе алмай ұзақ тұрудың керегі жоқ. 
  • Ұнатқан қызыңыз сізбен қалжыңдасуы да немесе телефон нөмірін бірден бермеуі де мүмкін. Оған қарамастан, табандылық танытыңыз. Мысалы, сіз ұнатқан арудың: "Мен көшеде таныспаймын",- деп жауап беруі де ғажап емес. Сіз оған: "Мен де көшеде таныспаймын. Одан да дәмханаға барып, тыныш жағдайда танысайық!"- деп ұтымды жауап бере аласыз. 
ответил 02 Март, 16 от Фарида