0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Ноя, 16 от Сара в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Табу Индонезия тілінен аударылғанда "тыйым салу" деген мағынаға саяды. Қзазақ ұығымындағы, мәдениетіндегі табу ұғымы дәстүрмен, ұлттың болмысымен астасып жатыр. Қазақ қызы келін болып ақ босағадан аттағаннан кейін күйеуінің туыстарын атымен атамайды. Олардың әрқайсысына ат қоятын болған. Мысалы, күйеінің қарындасын атымен атамай "ерке қыз", қайын інісін "төре жігіт" деп атаған. Ол жас келіннің қазақы тәрбиеге қаныққанының, ұят-ибасының белгісі. Ибалы келін қайын атасының, үлкен ата-балаларының, тіпті күйеуінің руын да атамаған. Оларды да өзгертіп, құрметіне, жасына лайықтап ат берген. 

Сонымен қатар табу сөздің түрлі наным-сенімдермен, дәстүр-салт. ырымдармен байланысы бар. Табиғаттағы сұрапыл күшті, жыртықштарды атымен атау оларды шақыру, бәлекет шақырумен тең деп біліп, оларды атымен атамаған. Қазақ халқы үшін қасқыр үлкен жау болған. Мал бағып күн көрген халыққа төрт түлікке қасқыр шабуы үлкен шығын әкелген. Оларды атағанда атын айтпай, "итқұс", "ұлыма" деп атаған. 

Адамға төнген ауыр, кеселді дерттерді атымен атау да табу болып табылады. Олардың атау адамды түршіктіріп, бойына қорқыныш ұялатып қана қоймай, атауы бәлекетті шақырады деп сескенгендіктен, дерттердің атауын жеңілдетіп айтқан. 

ответил 25 Ноя, 16 от Омар