0 интересует 0 не интересует
спросил 29 Ноя, 16 от Ақжан в категории Құттықтаулар және өлеңдер

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. 

Нұрсұлтан Назарбаев

***

Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау. 

Габриэль Лауб

***

Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.

Нұрсұлтан Назарбаев

***

«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.

Шерхан  Мұртаза

***

Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты. 

Цицерон

***

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,

Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.

Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Міржақып Дулатов

ответил 29 Ноя, 16 от Нартай
0 интересует 0 не интересует

Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.

Әлихан Бөкейханов

***

Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған. 

Люк де Копье Вовенарг

***

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
Нұрсұлтан Назарбаев

***

Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады. 

Георгий Александров 

***

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Нұрсұлтан Назарбаев

ответил 29 Ноя, 16 от Нұрым