0 интересует 0 не интересует
спросил 20 Дек, 16 от Құралай в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Электрондық есептеуіш машинасы, компьютер - тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығынан тұратын бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. "Компьютер" термині ХХ ғасырдың 90-жылдары "ЭЕМ" терминін толықтай ығыстырды. ЭЕМ темині тек мейнфреймдер мен суперкомпьютерлер тәрізді үлкен машиналарға қатысты қолданылатын болды. Алғашқы уақытта компьютер сандық есептеулер үшін құрастырылса да, ақпараттың басқа түрлерін өңдей алатын мүмкіндігі байқалған. Ол ақпараттың кез-келген түрін сандық түрге келтіре алады. Өңдеудің мұндай түрін іске асыру үшін компьютер ақпаратты сандық түрге және кері айналдыра алатын құрылғылармен жабдықталады. 

ответил 20 Дек, 16 от Сая