0 интересует 0 не интересует
спросил 05 Янв от Жанат в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Шынымен де, ауаны хош иістендіргіш құралдар - өте улы синтетикалық химиялық құрамға ие. Оның құрамындағы негізгі заттар - түрлі ұшпа органикалық қосылыстар, бутан, пропан, изобутан, формальдегид, ацетальдегид, стирол, толуол, хлорбензол, фталаты және бензол. Олардың ауада болуы адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Мысалы, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдарының қызметін бұзады, сонымен қатар ағзаны тітіркендіріп, мұрын шырышты қабығын ісіндіреді.  

Анағұрлым қауіптісі - фталаттар. Олар обыр дертіне, гормондық ақауға, ұрпақ өрбітумен байланысты қиындықтарға алып келуі мүмкін. Ал көптеген ауаны хош иістендіргіштің құрамындағы дихлорбензол - өкпе үшін зиянды. Оның буы көз және жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығын тітіркендіріп, белгілі бір деңгейде бауыр мен бүйректі зақымдайды. 

Бұл қауіпті химиялық заттардың ықпалы жинақталатын әсерге ие - қаншалықты жиі қолдансаңыз, соншалық зиян. 

ответил 05 Янв от Халықберген