Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматыдағы автобус апаты: Жүргізушіні соққыға жыққан сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
"Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым": Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді
50 мыңнан аса қазақстандық Бишімбаевтың туыстарының мүлкін тәркілеу туралы петицияға қол қойған
Жамбыл облысындағы интернатта жасөспірім кіші сыныптың баласын зорлады деген күдікке ілінді
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 12 мыңнан астам отбасы мемлекеттік жәрдемақы алды
Қазақстанда жүргізушілердің дәурені жүріп тұр: Оларға миллион теңгеден астам жалақы ұсынылады
"Ұлт болу үшін дін керек емес": Қазақстандық тәңірші тәңіршілдіктің не екенін түсіндірді
Елімізде елтаңбаны өзгерту мәселелері бойынша сарапшылар тобы құрылады
"Мейрамхана безендіру құны – 2 миллион теңге": Серік Ибрагимов ұлына сүндет той жасады
"Хабардар болмадық": Esquire басылымы қыз зорлағаны үшін сотталған фотографына қатысты мәлімдеме жасады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Шығарманың екінші жартысы
Жалқаулық салдарынан біз алдымызға мақсат қймаймыз. Себебі, ол мақсаттарымызға жете алмай қалуымыз мүмкін деген қорқыныш бар. Немесе біз алдымызға мақсат қоямыз, бірақ оған қарай жүрмейміз. Осыдан кейін өзімізді ұрсып, барынша төмендете бастаймыз. Бір орында тұрып қалғандай күй кешеміз. Өзіміздің күшімізге деген сенімді жоғалтып алғандаймыз.
Бір орында тұрып қалғанымызды мойындау өте қиын. Сол себепті, өзімізді ақтап, алдымызда қандай кедергілер тұрғанын жіпке тізе бастаймыз. Басқаларды төмендетіп, өзіміздің тұлғалық қасиетімізді жоямыз. Жалқаулықпен міндетті түрде бірнәрсе жасау керек. Оны еркіне жіберіп қоюға болмайды. Олай болса, оны жоюдың қандай амал-тәсілдері бар екенін қарап көрейік.
Жалқаулық дегеніміз – қорқыныш. Оның негізі біздің балалық шағымызда жатыр. Үш жасқа дейін барлығын қолымызбен шұқып, тексере бастаймыз. Осы сәтте ата-аналарымыз диваннан тұруға ерініп, бізге айқайлап ұрыса бастайды. Кейде тіпті қолымыздан ұрып, боғауыз сөздер айтады. Осыдан кейін сәби бірнәрсе жасап көрсем, жамандыққа ұрынамын деп ойлайды.
Жалқаулық туралы шығарма (Шығарманы екі бөлікке бөліп жариялаймын)
Жалқаулықтың не екенін барлығымыз жақсы білетін сияқтымыз. Ол – ешнәрсе істемей, төсекте жатып алу; жоспарлаған істерімізді кейінге қалдыру. Мұнымен қатар, адамның жинақтала алмауы да жалқаулықты білдіреді. Бір қызығы, жұмысбастылық та жалқаулықтың бір түрі болып саналады. Бұл қалайша жалқаулық болуы мүмкін деп отырған шығарсыз?
Біз әдетте өмірімізді түбегейлі өзгертетін нәрсені жасамау үшін майда-шүйде жұмыстар жасап жүре береміз. Күні бойы шаң сүртіп, еден жуып, киім тігіп, дүкенге барып, ыдыс жуамыз. Яғни бұл жұмыстардың барлығы бізді жаңа деңгейге шығармайды.
Жалқаулықтың қандай кемші тұстары бар? Біз өмірде өзіміздің жолымызды таңдамаймыз. Бірақ, оны таңдау өте маңызды. Егер біз тым жалқау болсақ, өмір бойы алға қойған мақсаттарымызға жете алмауымыз мүмкін. Жалқаулық барлық адамға тән. Бар мәселе осы жалқаулығымызға қаншалықты жиі өзімізді басқаруға рұқсат беретінімізде.