0 интересует 0 не интересует
спросил 18 Апр от Тимур в категории Сценарий

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует
Музыка ойнап тұрады.

(Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).

Мұғалім:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер. Бұл салтанат қуаныш баршамызға, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 «Ә» сыныбын ортамызға. (Оқушылар ортаға шығады)

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.

1-оқушы:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.

Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2-оқушы:

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

3-оқушы:

Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

4-оқушы:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

5-оқушы:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.

Сынып әншілерінің орындауында «Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.
ответил 18 Апр от аноним
6-оқушы:
Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

7-оқушы:
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.
8-оқушы:
Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.
Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым-әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.

9-оқушы:
Мектебім, саған рахмет!
Сенім, махаббат-үмітіңе!
Өшпессің жүрегімде
Мектебім мақтан үнемі бізбен.
10-оқушы:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
11-оқушы:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

12-оқушы:
Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,
Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,
Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,
Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем.
13-оқушы:
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
14-оқушы:
Сағынам сені, мекенім, туған гүл бағым,
Өзіңде алғаш бұлбұлдың әнін тыңдадым.
Өзіңде алғаш анамның естіп әлдиін,
Өзіңде алғаш жастықтың жырын жырладым.
15-оқушы:
Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтам,
Ардақтап ұстаз өтем деп.
Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.
Хор: «Ұстазым»
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.

16-оқушы:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
17-оқушы:
Ұстаз – дана
18-оқушы:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
19-оқушы:
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
20-оқушы:
Тыңдағанған көңілдегі толғамымды,
Шындаған тәрбием мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін,
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.
Табылған балапан ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сия алады.
21-оқушы:
Өнердің мен білмейтін қатпалдарын,
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.
22-оқушы:
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Дүйсенғали Қалдыбайтегі
Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
23-оқушы:
Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!
24-оқушы:
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт мұғалім.
Хор: «Ұстазым менің ұстазым»
25-оқушы:
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
1-оқушы:
Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.
5-оқушы:
Жасарып жайсаң жаны жадырайды,
Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.
Жанының толқығанын жасырмайды,
Отырар сырттарынан жебеп-жебеп.
10-оқушы:
Есімде ерен ұстазым,
Шашымнан сипап өткенің.
Аянбай бізге қыс-жазы,
Молынан мейір төккенің.
Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!
15-оқушы:
Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
20-оқушы:
Жайраңдап көктемім,
Күледі көкте күн.
Құшағын тұр жайып,
Аяулы мектебім.
Санама нұр құйған,
Ұстазым көп менің.  
25-оқушы:
Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,
Бар асылын бізге жиып, мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
Хор: «Анашым»
3-оқушы:
Біздер өстік, есейдік,
Қанаттандық, қатайдық.
Қоштасарда ән салып,
Би билейік думан ғып.

7-оқушы: Көпшілікке өнерді, Көрсетейік керемет. (Балапан биі)

13-оқушы:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Барлығы бірге: Қош қымбатты ұстазым, Қош бастауыш мектебім!
Ең соңында сынып жетекшісі оқушыларына арнап тілек айтады.