БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ораза кезінде тісті қалай тазалауға болады?

Талқылау
Пікір
Мечеть
12 Маусым, 17
Ораза кезінде тіс тазартқышты қолданудың рұқсат етілгеніне Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардан жеткен бірнеше хабар дәлел болады. Амир ибн Раби`аның: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ораза ұстап жүргенде тістерін сиуакпен (тіс тазалағышпен) тазалағанын талай рет көрдім», – дегені жеткізіледі. (Әт-Тирмизи, 725. Әбу Дәуд, 2364. Ибн Хузайма, 2007). Алайда, осы хадисті Ибн Аббастан жеткен және бір хадис толықтырғандай. Бұл хадисте: «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ауызы берік кезінде де сиуакты пайдаланған» – деп баяндалады. (Ахмад ибн Мәни. Иснады сахих. “Әл-Мәталибул-алия”, 1089). Бұл Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметтегі хәлал мен харам мәселелерін ең жетік білетін Му`аз ибн Жәбалдың сөздерімен де расталады. Абдур-Рахман ибн Ғуним былай дейді: «Мен Му`аздан «Ораза кезінде тістерімді тазалауыма бола ма?» — деп сұрадым. Сонда ол: «Иә», — деп жауап берді». (әт-Тәбарани. “Әл-Кәбир” кітабы, 20/133. Хафиз Ибн Хажар иснадына хасан деп баға берген). Алайда, сиуактің дәмі болатын болса, (мысалы жасыл сиуак немесе лимон яки жалбыз дәмі бар, т.с.с. сиуактар) онда түкірікті жұтуға болмайды. Ең дұрысы, мұндай сиуакты ораза кезінде мүлдем қолданбай-ақ қойған жөн. Ал, енді күндіз тіс пастасын қолдануға келер болсақ, ғалымдар бұл мәселеде түрлі пікірлер білдірген. Тіс пастасымен тісті тазалаған кезде оның дәмі толықтай ауыздан кетпейінше түкірікті жұтуға болмайды. Тіс пастасының асқазанға түсуі – оразаны бұзады. Сондықтан, талас-тартыстан аулақ болу және қателікке ұрынбау үшін бұны жасамаған жөн. Сол үшін кей ғалымдар: «Күндіз тіс пастасын қолданбай, оны кешкі ауыз ашқаннан кейінгі уақытқа қалдырған дұрыс, себебі, оның қатты татитын дәмі бар», — деген пікір айтқан. (“Мәжалису шаһри рамадан”, 72).
Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?