0 интересует 0 не интересует
спросил 14 Март, 16 от Ақгүл в категории Заңгерлік кеңес

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қоғамда әйел адам отбасындағы береке-бірлікті сақтауға бар күшін салу керек деп саналғанмен, кейде ол мүмкін болмай жатады. Әдетте отбасындағы берекенің кетуі ажырасумен аяқталады. Алайда, заңды түрде некені бұзумен бәрі де біте қоймайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда, әйел адамдар бұрынғы күйеуін үйден қалай қуып шығу керектігін ойлай бастайды. Бұл сұраққа бой алдыру араңыздағы көпірді бұзып, болашағыңызда қайта табыспайтындықтарыңызға сенімді болған жағдайда ғана орынды болмақ. 

Әрине,қанша көндіруіге тырсқаныңызбен, бұрынғы күйеуіңіз үйден кетпекке ниеттенбесе ғана төменде сөз болатын батыл қадамдарға бара аласыз. 

Бұрынғы күйеуіңізді үйден қуып шығудың жолдары:

  • Ең алдымен заң бойынша сұрақтарды реттеп алғаныңыз дұрыс. Себебі, күйеуіңізді тұруға құқығы бар үйден қууыңыз еш нәтиже бермейді. Заңгер маманның кеңесіне жүгінуден қымсынбаңыз. Діттеген мақсатыңызға жету үшін ниетіңіз бен әрекетіңіз заңды болуы тиіс.
  • Егер бұрынғы күйеуіңіздің тұрып жатқан пәтеріңізге еш құқығы болмаса, оның заттарын жинап, есіктің құлпын ауыстыра беруіңізге болады. Үйіңізге күшпен кіруге тырысса, полиция қызметкерлерін шақырыңыз. Ал барлық сес көрсету сөздерін диктофонға жасып алыңыз.
  • Мұндай қадамға барғыңыз келмесе, өз еркімен кетуге мәжбүрлеуге тырысыңыз. Онымен ортақ іс жасамаңыз, тіпті, тоңазытқыштағы сөрелерді де бөліп қойыңыз. Одан еш қымсынбастан, пәтеріңізге құрбыларыңызды не бөтен ер адамды жиі шақырып, мазасын алуға тырысыңыз.
Не де болса, мұндай іс-әрекеттерге бармас бұрын онымен барынша ашылып сөйлесуге тырысыңыз. Араларыңыздағы сезім суыса да, ол да адам баласы болғандықтан түсінісуге болады. Тілін табуға тырысып, бәрін ортақ келісіммен шешкендеріңіз жөн.
ответил 14 Март, 16 от Балғын