0 интересует 0 не интересует
спросил 16 Март, 16 от Кәмшат в категории Денсаулық

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Wi-Fi-дың денсаулыққа зиян екенін алға тартатын дәлелдер:

  1. 2011 жылдың жазында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Wi-Fi, ұялы телефон, радиобелгі, микротолқынды пеш, сымсыз үй телефондарынан тарайтын электромагнит өрісін қауіптілігі әлі де нақты дәйектелмеген канцерогенді заттар қатарында көрсеткен.
  2. Дәрігер әйел адам үйіне Wi-Fi орнатқаннан кейін, отбасы мүшелерінің ұйқысы бұзылып, жүрек соғысы жиілеп, бастары ауырып, барлығының да денсаулықтары күрт нашарлағанын байқаған.  Аурудың басқа да себеп салдарынан тууы мүмкіндігін де естен шығармаған отанасы күмәнді деп тапқан заттардың бәрінен арылуға тырысқан. Десе де ауру белгілері әрі қарай да жалғаса берген. Wi-Fi-ды алып тастап, орнына сымдық ғаламтор байланысын орнатқаннан кейін ғана жағдай орнына келген.
  3. Қолданыс барысында Wi-Fi толқындарынан алшақ болу да мүмкін емес. Роутер басқа бөлмеде тұрғанымен, сіз ғаламторды пайдаланып отырған құрылға (ноутбук, планшет, смартфон) қабылдағыштың ғана емес, электромагнит өрісін таратқыш қызметін де атқарады. 
  4. Wi-Fi балалардың ағзасына әсері өте жоғары. Ондай әсерді радиомен басқарылтаны ойыншық та тигізе алады дерсіз. Алайда баланың ойыншықпен ойнау уақыты мен Wi-Fi-дың қолданылу уақытының айырмасы жер мен көктей. Бұл жағымсыз әсер бала денсаулығында бірнеше жылдардан кейін сыр бере бастауы мүмкін. 
ответил 16 Март, 16 от Жарас
редактировать 16 Март, 16 от Мейрамгуль
0 интересует 0 не интересует

Wi-Fi толқындарының денсаулыққа зияны жоқ екенін алға тартатын дәйектер:

  1. Wi-Fi сигналының интенсивтілігі микротолқынды пешке қарағанда шамамен 100000 есеге төмен.
  2. Көбінесе Wi-Fi толқындарының ұзындығы (12 см) біз далаға шыққанда әсер ететін ғарыштық бедерсіз сәулеленудің ұзындығымен (0,001-0,5 м) пара-пар. Ал бұл сәулелер біздің үңгірдегі ата-бабаларымызға да әсер еткен. Сондықтан оған ағзамыз бейімделіп қалған десек те болады.
  3. Радиотолқындардың интенсивтілігі кері квадрат заңына сәйкес дыбыс, жарық, тартылыс күші іспетті қайнар көзінен екі есе қашықтыққа алыстағаннан кейін 4-ке бөлінеді. Басқаша айтқанда, сигналдардың деңгейі жылдам түседі. 
ответил 16 Март, 16 от Марат
редактировать 16 Март, 16 от Мейрамгуль
0 интересует 0 не интересует

Wi-Fi-дың денсаулыққа зияндығының дәлелдері:

  1. Wi-Fi-ды мектепте орнату Израильден басталған еді. Одан бері бірнеше жыл өтті. 2011 жылы Еуропа комиссиясы балалар денсаулығына қаупі бар деп, мектептерден Wi-Fi және WLAN-ды алып тастауға кеңес берді. Кей мемлекеттер кеңеске құлақ асып, мектептегі Wi-Fi-дан бас тартты. Ал Израильде ата-аналар мектептерден Wi-Fi-ды алуын талап етіп, сотқа шағым түсірген. Франция болса тек Wi-Fi-ға ғана емес, мектептердегі сымсыз байланыстың барлық түріне тыйым салған. Оның ішінде мобильді байланыс та бар.
  2. Өсімдіктерге жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Wi-Fi-дың зиянды әсерін анықталған. Данияда оқушылар жүргізген зерттеуде өсімдік тұқымдары отырғызылып, олардың Wi-Fi әсерінен өнбей қалғанына көздері жеткен.
  3. Wi-Fi-дың зиянды әсерін Даниялық оқушылар ғана емес, ғалымдар да дәлелдеген. Олар тәжірибеге ерікті қатысушы оқушылардан смартфондарындағы Wi-Fi-ды қосып, түнде бастарына жастап жатуын сұраған. Ертесі күні балалардың қан тамырларының тарылып, зейіндері төмендегені аңғарылған. 
ответил 16 Март, 16 от Эльмира