0 интересует 0 не интересует
спросил 17 Март, 16 от Ермек в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Пушкин 1837 жылдың 27 қаңтарында Жорд де Геккернмен (Дантес) араларындағы болған дуэль себепті қайтыс болған. Дуэль Санкт-Петербург төңірегіндегі Қара өзенге таяу жердегі  Комендант саябағының маңында орын алған. Дуэльге шығушылар тапаншамен атысқан. Нәтижесінде, Пушкин өлердей жараланып, екі күннен кейін дүние салады. 

Пушкиннің Дантеспен қақтығысы пушкинтанушылардың айтуы бойынша, оның өміріндегі жиырма бірінші дуэльге шақыру болған екен. Ол өзі он бес дуэльдің бастаушысы болып, он бес дуэльдің төртеуі жүзеге асқан. Қалғандары көбінесе Пушкиннің достарының араласуы себепті, екі жақтың татуласуымен аяқталған. Алты дуэль Пушкиннің қарсыластары тарапынан болған.

Пушкин мен Дантестің арасындағы дуэль Пушкиннің әйелі Наталья Николаевна Гончарова (Пушкина, кейіннен Ланская) үшін болған. Дантес Пушкинның әйелі, жасы өзімен шамалас Наталья Николаевна Пушкинамен 1835 жылы танысады. Жоғары тап өкілдерінің көзқарасы бойынша, жас, сырт-сымбаты келісті, аққұба Дантес-Геккерн қызғаншақ күйеу Пушкиннің сұлу әйеліне ғашық болып қалады (Пушкин сарай өмірін ұнатпаған. Сол себепті жоғары тап өкілдерінің көңілінен шыға бермеген). Осы оқиға салдарынан Пушкин мен Дантес 1837 жылы дуэльге шығады. Дуэльде Дантес бірінші болып оқ атып, Пушкинді жаралайды. Оқ атуға шамасы бар екенін айтқан Пушкин Дантеске оқ атады. Дантес кеуде тұсынан жараланған. Осы оқиғадан екі күннен кейін Пушкин қайтыс болады. 

Пушкин мен Дантес арасындағы дуэль. Суретші А.Наумов. 1884 жыл

Пушкиннің дуэльде киген жилеті. Санкт-Петербургтегі ақынның мемориалды музей-пәтерінде сақталған.

ответил 18 Март, 16 от Сәбира