0 интересует 0 не интересует
спросил 28 Март, 16 от Айгерім в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Бекіре балығынан жасалған бесбармақ

Құрамы:

бекіре 

картоп

жайма нан

кияз

қара бұрыш

аскөк

лавр жапырағы

Жасалу жолы:

  • Бекірені тазалап алып, жақсылап жуамыз. Пісіруге арналған үлкен ыдыс болған жағдайда, балықты ыдысқа бүтіндей саламыз. Егер ыдысқа сыймаса, бірнеше бөліктерге бөліңіз. 
  • Үстіне су құямыз. Оған тұз, 1/3 шай қасық қара бұрыш, аскөк және 3-4 лавр жапырағын саламыз.
  • Су қайнағаннан кейін тазаланған кішірек картоптарды саламыз. 
  • Ас әзір болғанша, пиязды дөңгелектеп турап, тұз, бұрыш қосып, тұздық жасаймыз.
  • Су қайнағаннан жарты сағаттан соң балықты алып, ет табаққа салып аламыз.
  • Картопты піскенше суда қалдырамыз.
  • Пісен картоптарды судан алып, ыдысқа салып, үстіне аздап тұздықтан құйып, бетін жауып қоямыз.
  • Сорпаға жайма нанды салып, пісіреміз. 
  • Жайманы балықтың жанына саламыз. Үстіне картоптарды қоямыз да, тұздығын құямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

ответил 28 Март, 16 от Амангүл