0 интересует 0 не интересует
спросил 31 Март, 16 от Данияр в категории Дін

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы медресеге оқуға түсуге үмітті талапкерлерге қойылатын талаптар:

  1. Директор атына өтініш жазу
  2. Ұсыныс хат
  3. Өмірбаян (талапкердің өзі жазуы керек)
  4. Орта білім туралы аттестат (түпнұсқа)
  5. 4х5 см өлшеміндегі сурет (6 дана)
  6. Жеке куәлік (көшірме нұсқасы)
  7. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама

Талапкерге оқу орнына түсу емтиханын тапсырып, сухбаттасудан өту керек. Оқу, жатақханада тұру, тамақтану - тегін. Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Астана қаласындағы медреседе оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар қарастырылған. Сонымен қатар, медреседе араб, ағылшын тілдері оқытылады.

ответил 31 Март, 16 от Нұрлан