0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Апр, 16 от Жанар в категории Құттықтаулар және өлеңдер

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Аяулы әнім - мектебім

Сөзі Ә. Аймақтікі 

Әні С. Сапарәлиевтікі

Мейірімді шапағатын тербеткен,

Арманға асқар құлашымды серметкен.

Мен бақытты балдырғаның саяңда,

Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.

Қайырмасы:

Аяулы әнім — мектебім,

Шуағыңда көктедім.

Жүрсем-дағы қай жерде

Киялымнан кетпедің.

Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,

Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.

Әліппені жаттатқызған,ұстазым,

Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.

Қайырмасы:

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,

Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.

Саған деген махаббатым – әнімді

Асқақтата шырқай салып жүремін.

Кайырмасы:

ответил 26 Апр, 16 от Аңсаған
0 интересует 0 не интересует

"Ең соңғы қоңырау" Бота Бейсенова

1. Балғын шақ пәк күндер

Бұлдырап сағымдай.

Қоштасар сәттің де 

Жақындап қалғаны-ай.

Қайырмасы

Балдәурен көктемім,

Өткен шақ аралы.

Сүйікті мектебім,

Қия алмай қарадым.

Жас толы жанарым,

Гүл толы омырау.

Сыңғырлап барады

Ең соңғы қоңырау.

2. Алғысым көп менің,

Аяулы ұстаздар.

Мәңгілік өтемін,

Болып мен қарыздар.

Қайырмасы

ответил 26 Апр, 16 от Кәмила
0 интересует 0 не интересует

"Аяулы мектебім" Бота Бейсенова

1. Алғашқы қоңырау соғылды,

Гүл алып келемін.

Жаз бойы өзіңді сағындым,

Мектебім.

Қайырмасы

Аяулы мектебім,

Бағыңда көктедім.

Қуаныш күйін мен шертемін.

Аяулы мектебім - әнім,

Күндер-ай қызықты, шуақты

Өмірдің бастауы, мәні - 

Алтын ұям.

2. Алғашқы қоңырау ашады

Білім күнін.

Бала жүз шуағын шашады

Естіп үнін.

Қайырмасы

ответил 26 Апр, 16 от Азамат