0 интересует 0 не интересует
спросил 27 Апр, 16 от Ақжан в категории Сценарий

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі

Мақсаты:

1.     Оқушыларды Отанын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

2.     Топпен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру

3.     Логикалық ойлауын, зейінін дамыту.

Сабақ барысы

Құрметті достар! Жыл сайын біздің мемлекетіміз Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Отан – біздің үйіміз. Бұл күні өмірін Отан қорғауға арнаған адамдарды құттықтайды.

Қазақ халқы әрдайым батылдығы мен жауға төтеп бере алар алапат күшімен ерекшеленеді. Сүйікті мемлекетінде халықтың тыныш әрі еркін өмір сүруі үшін әскер құрылады. Қазақстан әскерінің сабында тұрып, қызмет көрсету – әр азаматтың қасиетті борышы. Бұл, мемлекетіміздің басты құжаты, Қазақстан Конституциясында да бекітілген. Сіздердің әрқайсыларыңыз Отанды сүйіп, оны қорғай білулеріңіз қажет.

Біз ұлдарымыз ақылды, намысшыл, адал әрі батыл болып өскенін қалаймыз. Бір сөзбен айтқанда, сіздер нағыз еркек, нағыз батыр болсаңыздар екен дейміз. Ал оған үйрену керек.

Сол үшін ұлдарымызға арнап байқау ұйымдстырдық. Байқау тапсырмаларын тек ең тапқыр, шапшаң, алғырлар ғана орындай алмақ.

Ұлдар, сіздер екі топқа бөлінуге тиіссіздер. Ол үшін әрқайсыңыз қораптан жетон аласыздар. Жетонда арнайы белгінің суреті салынған. Ол – топтың төсбелгісі.

Әр топтың өз топ басшысы болуы шарт. Оны өздеріңіз сайлайсыздар. Әр тапсырмада жинаған ұпайларын жазып отыру үшін, топ басшыларына қағаз беріледі.

Топ өз орнына тұрады.

1-тапсырма балалардың қайсысы есепке жүйрік екенін сынауымызға жол береді. Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін топ 5 ұпайдан алып отырады.

Есепті шешіңіздер.

А) «Алтын сақа» ертегісіндегі жалмауыз кемпірдің тісінің санына Ақшақар қызбен тұрып жатқан гномдар санын қосыңыз. Одан Ер Төстіктің ағаларының санын шегеріңіз. Есептің шешімі қандай?
(6+7-8=5)

Б) Өгей қыз орманда жолықтырған айлардың санына үйде қалған лақтар санын қосыңыз. Одан Мақта қыздың мысығының санын шегеріңіз. Есептің шешімі қандай?
(12+7-1=18)

Келесі тапсырма топ басышылар үшін. Кім жылдам шешімін табады екен? (қағазда тапсырмалар жазылған)
А) 12+36+24+25+3=…. 100
Б) 16+28+11+37+8=…. 100
Қорытындысын шығарамыз.

2-тапсырма  топтарымызға актерлық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. 

Сіз өзге елге тап болдыңыз. Мұндағы халықтың тілін де білмейсіз. Ым-ишара, іс-қимыл арқылы ұсынылған сөздерді түсіндіріп көріңіздер.

Бір оқушы шығып, тапсырма алады. Көрсетілген сөзді тобына ым-ишара, іс-қимыл арқылы түсіндіруі тиіс. Әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай беріледі.  

А) дәріхана, асхана

Б) кітапхана, әуежай

Қорытындысын шығарамыз.

Келесі тапсырма тапқырлықты қажет етеді. Екі топқа қызықты сұрақтар қойылады. Дұрыс беріген әр жауап үшін 1 ұпайдан алады.

1. Керек кезде лақтырып, керек емес кезде көтеріп аламыз. Ол не?

(зәкір)

2. Терезе мен есіктің ортасында не бар?

(«мен» шылауы)

3. Тісі көп, бірақ жемейді. 

(тарақ)

1. Қандай ыдыстан тамақ іше алмайсың?

(бос ыдыстан)

2. Бір бұрышта ғана тұрып, бүкіл елді шарлайды? Ол не?

(пошта маркасы)

3. Тауға шығарады да, түсіреді де. Бірақ бір орнынан жылжмайды. Ол не?

(жол)

Қорытындысы шығарылады.

Ал 4-тапсырмада ұлдар шапшаңдығы мен ептілігін көрсетеді.  Сіздерге жерде жатқан арқан бойымен жүріп өту керек. Арқан бойында тепе-теңдік сақтай алмай, еденге аяғы тиген топ мүшесі ойыннан шығады. Тапсырманы бірінші болып орындап, топ мүшелерін сақтай алған топ жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен топқа 3 ұпай беріледі.  

Қорытындысы шығарылады.

– Міне байқауымыз да өз мәресіне жетті. Топ басшылары, жинаған ұпайларыңызды есептей қойыңыздар.

Жеңіске жеткен топ та, жеңілген топ та сыйлық алады.

Құрметті ұлдар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Өмірде биіктерден көріп, алар асуарың мол болсын!

ответил 27 Апр, 16 от Сәния