0 интересует 0 не интересует
спросил 05 Май, 16 от Лаура в категории Жануарлар және өсімдіктер

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Пингвиндер жайлы қызықты деректер:

  • Императорлық пингвиндерінің аталықтары 65-70 күн шамасында жұмыртұа басады. Бұл уақытта аналық пингвиндер мұхитта болады. Артынан балапанды кезекпен кезек қоректендіреді.
  • Бірінші болып суға тек батыл пингвиндер сүңгиді. Қалғандары топтық мінез-құлық инстинктісіне бағынып, артынан сүңгиді. 
  • Пингвиндер жартылай қорытылған тамақты балапандарының аузына салады.
  • Англия мен АҚШ-та Антарктикалық пингвиндерді "макарони" деп атайды. ХІХ ғасырда сәнқойларды дәл осылай атаған. 
  • Көзілдірікті пингвиндердің аталығы аналығының басынан сипау арқылы сезімін білдіреді.
  • Жаңа Зеландиялықтарға пингвиндердің шуы тыныш ұйықтауға мүмкіндік бермейді.
  • Пингвиндер тек құрлықта ғана ебедейсіз болып көрінеді. Су астында олар - өте икемді.
  • Пингвиндер - тік тұрып қана қоймай, осы қалпында жүре алатын жалғыз құс.
  • Пингвиндер әлемінде папуалық пингвиндер ең жылдам болып есептеледі. Олар суда жүзгенде жалдамдағын сағатына 36 км-ге дейін арттыра алады.
  • Пингвиндер қарға малтығып қалатындықтан, қар үсітмен жүргенді ұнатпайды. Күн жылыған уақытта пингивндер іштеріне жатып, қанаттары және аяқтарымен  өзін-өзі итеру арқылы сырғанағанды жөн көреді.
  • Императорлық пингвиндер - туыстастарының ішіндегі ең ірісі. Олардың салмағы 27 килограммнан, ал бойы 1 метрден асады.
  • Пингвин балапандары өмірге "жалаңаш" күйінде келеді. Бірнеше аптадан соң қауырсын пайда бола басатайды.
ответил 05 Май, 16 от Ақмарал