0 интересует 0 не интересует
спросил 27 Май, 16 от Маржан в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Ағылшын тілін тез үйренуге сеп болатын YouTube-тегі арналар:

  • Twominute English — тілді үйренуге ыңғайлы әрі тиімді 2 минуттық қысқа сабақтар. Смартфонға жүктеп алып, жолда көруге болады. 
  • MinooAngloLink — көптеген пайдалы грамматикалық сабақтар.
  • Dailydictation қысқаша диктанттары мен дұрыс сөйлеуге үйрететін америкалық ағылшын тілі. 
  • Duncaninchina— әлемдегі түрлі заттар мен құбылыстар, жағдайлар мен оқиғалар жайлы ағылшын тіліндегі қысқаша роликтер. 
  • EnglishLessons4U — әр түрлі тақырыптағы видеосабақтардың үлкен архиві. 
  • Learn English with Ronnie — көптеген видео грамматикаға арналады. Ағылшын тілі грамматикасы ұғынықты әрі қалжың аралас үйретіледі.
  • English with Jennifer — мұнда сіз дұрыс сөйлеу, грамматиканы үйрену және басқа да дүниелер жайлы көптеген кеңес ала аласыз. Оқушылар үшін ғана емес, мұғалімдерге де пайдасы мол. 
  • Anglo-Link — материалдардың әр алуандығы таңғалдырады. Көптеген сабақ грамматикаға арналған. 
  • EnglishClass101 — қарапайым дүниелер жайлы ағылшын тілінде түсіндіріледі. Канал грамматика жөнінде біраз да болсын түсінігі бар, алайда сөйлесуде қиналатын адамдарға арналған. 
  • BBC Learning English — әр түрлі тақырптарды қамтитын қызықты әрі танымдық мақсаттағы видеороликтер. 
  • Engvid — ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар ұсынған тегін видеосабақтар жинағы. 

ответил 27 Май, 16 от Есен