0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Апр от аноним в категории Өнер және мәдениет
редактировать 03 Июль от Мейрамгуль

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует
Мен спортты жақсы көремін. Оның ішінде маған жүгіру қатты ұнайды.Тиісінше менің ең жақсы көретін сабағым - дене шынықтыру пәні.

Мен дене шынықтыру сабағында да, спорттық жарыстарда да жүгіруден алдыма жан салмаймын, Үнемі сыныптастарымнан, қатарластарымнан озып келемін. Мен үшін 3-4 шақырым жүрігу қиындық тудырмайды. Сонымен қатар жылдамдыққа жүгіргенді де жақсы көремін.

Кішкентай кезімде әжем маған: "Сенің аяғың ұзын. Өсенде тез жүгіретін боласың", - дейтін. Мен содан бері өзімнің тез жүгіретініме сенімді болдым. Және жүгіргенде, жүгіруден жарысқа қатысқан кезде әжемнің сөздері есіме түсіп, мені ынталандыратын.

Менің тез жүгіретінімді 5-сынып оқып жүргенімде дене шынықтырудан сабақ беретін Азат мұғалімімз байқады. Содан кейін ол мені жүгіруден жарыстарға жиі жібере бастады. Мен де оның үмітін ақтауға  тырыстым. Бірінші рет жарысқа барғанда қатты қобалжыдым. Сондыққтан болар, үшінші орынға ие болдым. Ал мұғалімім маған бастысы жеңу емес, қатысу екенін айтты. Келесі жарыста өзіме анағұрлым сенімді болдым. Және ол кезде бірінші орынға ие болдым. Содан бері өзім қатысқан жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келемін.
ответил 04 Июль от Арнұр
0 интересует 0 не интересует
Достарым, сыныптастарым, қатарластарым менің тез жүгіретініме қызығады әрі мені мақтан тұтады. Кімнің тез жүгіретінін сұрағанда, үнемі менің атымды атайды. Олардың бәрі мені "Жүйрік" деп атап кеткен. Ал маған достарымның мені мақтан тұтатыны, менің жетістіктеріме, жеңістеріме қуанатыны ұнайды.

Және сынып жеткшім де мені мақтайды. Мен басқа сабақтарды да жақсы оқимын. Барлық сабақтан бестік баға алып жүрмін. Мен өзімді жақсы оқуға тиіспін деп білемін. Себебі тен жүгіруден ғана мықты болмауым керек. Мен оқуда да озат болып, жақсы адам болып өсуім керек. Маған ата-анам үнемі осындай ақыл айтып отырады. Олар үнемі мені қолдап, маған сенетіндіктен, мен де олардың үмітін ақтағым келеді. Сол үшін үнемі жақсы оқуыммен, жақсы тәртібіммен оларды қуантып жүремін. Сондықтан мен спортта ғана емес, оқуда да, өмірде де жүйрік болуды армандаймын. Бастысы жақсы адам болып, жақсылығыммен өзгелерден озсам деймін. Сонда ғана өзімді нағыз жүйрік сезінер едім.
ответил 04 Июль от Арнұр
0 интересует 0 не интересует
Менің Азамат есімді досым да  бар. Ол менің жетісіктеріме үнемі қуанады. Маған қызығып, ол да жүгірумен айланыса бастады. Екеуіміз сабақтан кейін жүгіріп, ойнаймыз, дайындаламыз. Бірақ ол жүгіргеннен бұрын күресті ұнатады. Маған күрестің әдіс-тәсілін үйретеді. Ал мен оған жүгіруге қатысты бар білетінімді үйретіп отырамын. Алдағы уақытта екеуіміз жүгіруден жарысқа бірге қатысқымыз келеді. Ол жақсы жүгірсе де, менің жеңетініме сенеді. Алайда мен оған өзіне сенімді болуын айтып жүрмін. Тіпті, жарыста ол жеңіп кетсе де, мен ренжімеймін. Себебі өзімнің оған жақсы жағымнан үлгі болғанымды мақтан тұтамын. Соған қуанамын да.

Осылайша мен жүйрік қана емес, жақсы адам да болғым келеді. Ал жақсы адам қызғаншақ болмауы керек.

Ал болашақта мен өзімнің мықты спортшы болатыныма сенемін. Талай жетістіктерге жетемін, чемпион боламын. Олимпиада ойындарына қатысып, Қазақстанның атын асқақтатқым келеді. Мен солай боларына сенемін де. Сол үшін тынбай дайындалып, жаттығым жүрмін. Армандар орындалатынын білемін.
ответил 04 Июль от Арнұр