0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Июнь, 16 от Сұлу в категории Қазақ әдебиеті

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Алматы туралы өлеңдер

Кездескенше, Алматым

Армандап келіп ем алыстан,
Ауылдан құлын тай жарысқан.
Алматым, өзіңмен мен күнде, 
Түсімде сан рет табысқам.

Көктөбе, көк шыңға асыққам,
Оны тек жанарда жас ұққан.
Суреттен сан рет өпкенмін,
Сезімді бүге алмай қашықтан.

Медеуді «медет» деп іздегем,
Жаңбырға қосылғам күзде мен.
Аулақта жүріп-ақ ғашық боп,
Әнді де жазған ем жүздеген.

Шымбұлақ, шыңынды аңсадым,
Ауылдың ұмытып сарсаңын.
Өзіңе, Алатау бөктері, 
Көз тігіп өтті ғой бал шағым

Ей, арман Алматым, мен енді, 
Қиялды кеңейтіп кемелді.
Өзгеге ғашық боп, сездің бе,
Өзгеге жазып жүрм(ін) өлеңді.

Демеймін өзіңнен жеріндім,
Кеңдігін сеземін өңірдің.
Балалық армандар артта қап,
Арттырдым қалауын көңілдің.

Теңіздің шуылы. Шағала,
Кең қанат жаятын жағада.
Жер Ана, өтінем сая бер,
Шабыты шағылған балаңа...

Алматы, аңсарым, оралам,
Тағы да арманмен жаңадан.
Тап болдым ұрлықшы Музаға
Жадымнан жадымды тонаған.

Кездескенше, Алматым... 

Авторы: Мәді Балсан Айыфқызы

ответил 01 Июнь, 16 от Жанар
0 интересует 0 не интересует

Алматы, аяймын мен сені...

Алматы, аяймын мен сені,
Түн мынау түсірді еңсеңді.
Батқанда ұлы Күн ұяға,
Жын-ойнақ жайлайды көшеңді.

Жағады жарығын, клубтар,
Клубтар - жындарды ұлықтар.
Қылмыңдап қыздарың шығады,
Қып-қысқа белдемше . Жырықтар.

Сыраны ұрттап сабырмен,
Таң атып жатады дабырмен.
Ешкімнің шаруасы болмайды,
Баратын ертеңгі қабірмен.

Ұмытып жаратқан Жаппарым,
Кей кезде аттарын.
Сылқиып ішеді.
Ат мінер болашақ жастарың.

Ұлдарың намысты талақ қып,
Құшақтап бөтелке арақты.
Жүргенде біздерге қайдағы,
Тап-таза қандары қазақтың?!

Алматы, түн сені қорлады,
Өртеніп ойымның орманы.
Кетеді әрқашан
Құлайды қуаныш қорғаны.
Батқанда ұлы Кұн ұяға,
Өшеді жанымның арманы!

Авторы: Мәді Балсан Айыфқызы

ответил 01 Июнь, 16 от Гүлнұр