Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарағанды облысында 14 жастағы қыз 36 жастағы ер адаммен бірге тұрып келген
Қол астындағы қызметкерлеріне айырсадақпен "оқ" атқан: Полиция тексеру жүргізіп жатыр
"Бізді жайымызға қалдырыңыздаршы": Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері мекеменің Қонаевқа ауысуына қарсы
Жапониялықтар 60 жастан асқан әжелерді жалға ала алады
"Қызыл алса Дубайдан пәтер": Қазақстандық диплом алған інісіне 2 миллион теңге көрімдік берді
Жол жөндеу, байланыс сапасын көтеру: Туризм саласының өкілдері курорттық аймақтардағы нақты проблемаларды атады
Түркістан облысында 9-сынып оқушысын төрт адам зорлады деген ақпарат тарады
Елімізде пәтерді қолма-қол ақшаға сатып алуға тыйым салынды: Ұлттық банк төрағасы себебін айтты
Бағанашылдағы балалар үйі ақыры Қонаевқа көшірілетін болды
"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Ауыл туралы қандай өлеңдер білесіздер?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
71
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
254
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Есімде бәрі, жадымда
Жанымда бәрі қара қыз.
Сонау бір жылы ауылда
Біз кешкен күндер – бал аңыз.
Қаланы тағы қалдырғам
Дала жұпарын сағынып.
Жалғызым жүрдің балдырған
Жалбыздың иісін жамылып.
Тәңір әтірін себінген
Туған жер дейтін мекенде.
Ынтызар болған мен едім,
Ауылға, саған, екеуге.
Сипалап күннің саусағы
Ақ марқа бұлтты үргедек.
Маужырап жатқан майса қыр
Маусымды кешіп жүрген ек...
Мен сенің махаббатыңнан
Даланың әнін тыңдағам.
Жұлдызды сансыз сапырған
Көзіңде түн бар мыңдаған...
Оранып далам сағымға
Мөп-мөлдір нұрға боянған.
Сен күлсең менің жанымда
Тамыздың таңы оянған.
Тырналап жаздың келбетін
Күз келді мысық тырнақты.
Сағыныш жауып жер бетін,
Көзіне көлдің мұң қатты.
Салмағы бұлттың жүз батпаны
Көгімде күнде мың аунап.
Салқындап кеткен біз жақтан
Тырналар ұшты тыраулап.
Мың тарау жолы тағдырдың...
Амал не, оған қара қыз?
Жылатты-ақ бізді балқұрбым
Жырақтап кетіп арамыз.
Күз ұрлаған ба?
Наз керім
Қылығың қайда?
Кешіргін...
Жаным-ау түнді көздегі
Қабаққа несін көшірдің?!
Жүректі сыршыл сыздатып,
Өтсе де қанша ай, қанша күн.
Жүз бақыт өлген – күз уақыт,
Ауылды, сені аңсадым...
Сағынсам сені сол ма екен
Ауыл деп және мұң шегем...
Ауыл деп жырды селдетем
Өзіңсің оған бір себеп.
Көкжиек жатыр көсіле
Аспанмен жүдеу астасып.
Ала ма мені есіне,
Қос сағынышым, қос ғашық?!
Жадымда бәрі, жадымда,
Ұмытпа сен де қара қыз.
Сонау бір жылы, ауылда,
Кешкен ек күнді бал аңыз...
...Алыстап енді барамыз...
Автор: Бауыржан Игілік
Шаршадым... (Балалықты аңсау)
Туған ауыл- балқаймағым, бал шағым,
Білесің бе, мен қаладан шаршадым.
Қиял мені ертіп кетті шаһарға
Содан болар сені іздейді, аңсарым.
Су таситын кездерім- ай шелектеп,
Мал өрістен қайтқан кезде бөлектеп.
Жүруші едік, өредегі құртты аңдып:
"Осы бүгін кеуіп қалу керек" деп
Доп қуалап күн ұзаққа дедектеп,
Сүюші еді бетімізден жел өкпек.
Бір кездері мен қадаған тал шыбық
Бұл күндері өсіп қапты терек боп.
Жаз келгенде шықпаушы едік өзеннен,
Қол жарылып, ерініміз кезерген.
Кеш батқанда таяқ ұстап апаңның
Сені іздеп келетінің сезер ең.
Бал күндер- ай ойнап жүріп өткерген,
Гүл теретін көктем келсе бөктерден.
Жаңа піскен көк алманы шіркін- ай,
Қорықпастан- ақ тұзға салып жеп көрген.
Кейін- кейін сиыр сауып үйрендік,
Жеңгелерге сыр айтатын күйге ендік.
Айна-тарақ жанымызға серік боп
Қолдан түспес қуыршақтан жирендік.
Солай үйдің айналғанбыз сәніне,
Ысылдық- ау ыстықтың да дәміне
Жігіттер- ай қайтар кезде мектептен
Бір сөмкеге таласушы еді бәрі де...
Арман күндер сағындым -ау сол сәтті,
Уайымы ада кездерім- ай аңсатты.
Туған ауыл, сенің ерке қызыңды
Алматының тас көшесі шаршатты.
Автор: Мәді Балсан Айыфқызы