Сұрақтар мен жауаптар - Сарапшыларға сауал

1
Salima Bagashar
1 жыл бұрын пайда болды

Болашақтың түрмесі: 2 минут ішінде 10 жыл өтетін жазаны елестете аласыз ба?

Жаңа концепт ұсынылды: Cognify деп аталады. Мұнда жазасын өтеуші нақты түрмеде емес, өз санасында болады. Уақыт ағымы — жасанды. Сырт көзге 2 минут қана өтеді, бірақ санада — 10 жыл. Психологиялық, эмоциялық, уақыттық қысым шынайы түрмеден де ауыр болуы мүмкін дейді зерттеушілер.

Бұл әдіс “гуманды” деп есептеле ме? Әлде бұл — азаптаудың жаңа түрі ме? Жазаны тездету — қоғам үшін тиімді, бірақ адам психикасы бұған дайын ба?

Қазақ қоғамы мұндай әдіске қалай қарайды деп ойлайсыз?