Жаңа концепт ұсынылды: Cognify деп аталады. Мұнда жазасын өтеуші нақты түрмеде емес, өз санасында болады. Уақыт ағымы — жасанды. Сырт көзге 2 минут қана өтеді, бірақ санада — 10 жыл. Психологиялық, эмоциялық, уақыттық қысым шынайы түрмеден де ауыр болуы мүмкін дейді зерттеушілер.
Бұл әдіс “гуманды” деп есептеле ме? Әлде бұл — азаптаудың жаңа түрі ме? Жазаны тездету — қоғам үшін тиімді, бірақ адам психикасы бұған дайын ба?
Қазақ қоғамы мұндай әдіске қалай қарайды деп ойлайсыз?
Пікір
Мүмкін, кейбір сотталғандар оқшаулаудан да ауыр жазаға лайықты шығар. Бірақ жалпы алғанда, бұл — әдеттегі жазадан да ауыр екені айқын