Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қоюЖасым 30-дан асты, әлі отбасым жоқ. Қысымға шыдау қиын. Кеңес беріңіздер
Болашақтың түрмесі: 2 минут ішінде 10 жыл өтетін жазаны елестете аласыз ба?
Жаңа концепт ұсынылды: Cognify деп аталады. Мұнда жазасын өтеуші нақты түрмеде емес, өз санасында болады. Уақыт ағымы — жасанды. Сырт көзге 2 минут қана өтеді, бірақ санада — 10 жыл. Психологиялық, эмоциялық, уақыттық қысым шынайы түрмеден де ауыр болуы мүмкін дейді зерттеушілер.
Бұл әдіс “гуманды” деп есептеле ме? Әлде бұл — азаптаудың жаңа түрі ме? Жазаны тездету — қоғам үшін тиімді, бірақ адам психикасы бұған дайын ба?
Қазақ қоғамы мұндай әдіске қалай қарайды деп ойлайсыз?
Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады?
Қайырлы күн!
Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?
Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады?
Рахмет
Ерсіз іс әрекетімен есте қалған қонағыңыз бар ма?
«Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» - деп жар салған қонағым
Ифтарға дастархан жайып қонақ күткен едік. Ораза ұстағандарды тамақтандырып, құран оқып, сауап жинау басты ниетіміз еді. Дастарханның дәл ортасында шелпек-бауырсақтарымыз тұрған. Ақырындап қонақтарымыз келе бастады, дастархан басына жайғастырып жатқанда келгендердің бірі қатты дауыспен «Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» деп айқайсалды. «Қазақтың дәстүрі ғой» деп тақырыпты ауыстырайын деп едік, әлгі адам ашуын баса алмай одан әрі жалғастыра кетті. Қонақтардың түрлісі болады екен, отырыстың күл талқаны шықты. Неге солай?
“Қана” ма әлде “ғана” ма?
Бала емес ересектеу екенбіз,
Дайын аспен, уйімізге бөтенбіз,
Бауыр менен ата-ананы сағынсақ,
Барып қайтар қонақ ғана
екенбіз.- осы өлеңде қонақ - "ғана" дұрыс жазылған ба? немесе дұрыс -" қана" - сөзі жазылу қажет пе?
Әкеліктен бас тарту үшін не істеу керек? Қандай документ керек?
Сәлеметсіздерме? Мен 2019 да ажырасқанмын. Сол уақыттан бері қызын іздемеді. 4 жыл салып араға алимент 10мың тг төлеп жүрді , енді 6 айдан кетті алимент төлемеді. Бастапқы кезде маған ақша керек емес акеліктен бас тарт делінген, ол бас тартпай жүр. 4 жыл қызын іздемеді. Шымкент қаласында ажырастық, қазір Ақтау қаласында тұрамын. Сотқа арызды қайда барып жазып, әкеліктен және адвокат үстінен жазайын деп едім. Туу туралы куәлігінде әкесінің артында болғанын қаламаймын,өз атағымда болғанын қалаймын,соған көмектесіп айтып жіберсеңіздер қандай документ керегін