Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Балқашта жоғалған 15 жастағы қыздың денесі көлден табылды
Қостанайда мейрамхана күзетшісі келішуге оқ атқан
Қостанайдағы жарылыстан 3 адам қаза тапты
Астанада ауа райына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға жіберілді
"Себебін ешкім білмейді": Ақтөбеде әйел отадан кейін 9 ай бойы комада жатыр
Қызылордада әкімдік жөнделіп қойған жолдарды қайта жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлген
"Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы: Төлемдерді алу үшін баланың ата-анасы не істеу керектігі айтылды
"Қазіргі сағат денсаулыққа зиян": Ғалымдар бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасын айтты
"Күлпаштың" арқасында күйеуіммен татуластым": Актер Берік Тұрсынбеков өзіне хат жазған бейтаныс әйел туралы айтты
"Бір жарым күн ішінде бүйрегі мен бауыры істен шыққан": Қарағандыдағы ауруханалардың бірінде жас жігіт қарапайым отадан кейін көз жұмды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
Денсаулық туралы шығарма бар ма?
0
0
0
0
Ера
3 жылы бұрын пайда болды
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
Бағалау критерийі:
Эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
3 аргумент келтіреді
Дәлелдері жеткілікті
Тақырыпты аша алады
Өзіндік көзқарасы, пікірі бар
Орфографиялық норма
Сауатты жазады
2
Алмас
5 жыл бұрын пайда болды
Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді
Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
13
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
12
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
16
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады.
Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал. Тез дайындалатын тамақтар (пицца, гамбургер, қытырлақ чипстер мен фри, т.б.), газды сусындар, көп мөлшердегі қант, дүкен йогурттары мен тәтілерінен бас тартқан жөн.
Қазіргі таңдағы ең үлкен дерт – гаджеттер де денсаулыққа айтарлықтай кері әсерін тигізіп жатыр. Статистика бойынша 5 миллионға жуық бала телефонға телміріп, ұзақ уақыт қозғалмағаннан қайтыс болады екен. Бұл – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі. Әрине, адамшошырлық цифр. Түнде ұзақ кітап оқу, компьютер мен телефонды артық пайдалану, теледидардың алдында ұзақ жұмыс жасау көзімізге үлкен зиянын тигізеді. Тек көзімізге ғана емес, миымызға, жүйке жүйемізге, гармоналды жүйемізге үлкен қауіп төндіреді. Кез келген дүниенің жақсы жағын ғана алып, зиянын қолдан келгенше көрмеуге тырысу керек шығар. Инновациялық технологияның ғасыры дегенімізбен, гаджеттердің қолданысын барынша азайту керек. Әсіресе қорғаныс жүйесі толық қалыптаспаған балаларға тіпті бермеген абзал.
Денсаулыққа кері әсерін тигізетін тағы бір фактор – жаман әдеттер: темекі тарту, спиртті ішімдіктер пайдалану. Осының бәрі де өмірімізді едәуір қысқартады. Қысқартып қана қоймай, өміріміздің сапалы өтуіне де кері әсерін тигізеді. Аталған әдеттер тек сол адамның өзіне ғана емес, айналадағылардың бәріне өз зиянын тигізеді.
Өмір – қозғалыс. Денсаулықтың да дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Спорт деген тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт. «Гимнастика, физикалық жаттығулар және жаяу жүру жұмысқа қабілетті, денсаулығы мен шаттыққа толы өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті өмірінде орын алуы тиіс» деп Гиппократ айтып кеткен. Қозғалыссыз өмір салтын ұстанатын адамдар белсенді адамдарға қарағанда аз өмір сүретінін ғалымдар дәлелдеген. Оның салдары: май басу, гипертония, диабет, тіпті рак та болуы мүмкін. Залға не арнайы секцияға бару міндетті емес, тек күніне бір уақыт жүгірсе, жүзсе, бимен шұғылданса, тіпті болмаса таза ауада жаяу серуендесе дене шынығады, денсаулық жақсарады.
Денсаулық – зор байлық. Бұны барлығы біледі, тек көп адам мән бере бермейді. Адамның өмірге келуінде бір үлкен мақсат болса, сол мақсатты орындауы үшін, сапалы өмір сүруі үшін деннің саулығы аса маңызды. Ал дені саудың – жаны сау екені бесенеден белгілі. Дені сау болу қиын дүние емес, тек әр адам өз ағзасын есіте білсе, дер кезінде көмек көрсете алса, өз өмірі үшін жауапкершілік ала білсе болғаны.
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер >>
Денсаулық - зор байлық. Адам барында бағалай білмейтін екі құндылық бар екен. Оның бірі уақыт болса, екіншісі - денсаулық. Шыны керек, көбіміз денсаулықтың қадірін біле бермейміз.
"Қолда барда алтынның қадірі жоқ" демекші, денсаулықты барында бағалай білмеген адамдар басына дерт салмақ салғанда ғана денсаулықтың, өмірдің құнын ұғынады. Сондықтан әуел бастан бардың бағасын білудің маңызы зор.
Денсаулық - адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың. Денсаулығы сыр берген адамның шаттанып күліп, қуанып өмір сүре алмасы анық. Қарттарымыздың әрдайым өзімізді күтіп жүру керек екенін ескертіп отыруы да олар өткерген өмір тәжірибесінен, келмеске кетіп бара жатқан денсаулықтың баға жетпес құнын білгендіктен, өз басынан өткенді тұшынып, түйсіне білгендіктен болар. ал жастардың жастықтың отымен жүріп ысты-суықты елемей, артынан дерт жабыстыратыны да біздің денсалықтың қадірін барынша ұғына алмағанымыздан деп білемін. Сол себепті балаларға бала күнінен денсаулықтың маңызы мен өзін-өзі күтінуді үйрету керек.