Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Динара

Шақыру билетеріне қандай ерекше сөздер жазуға болады?

Талқылау

Пікір

Зере
20 Маусым, 16

Үйлену тойына шақыру

  •  

Артқа тастап балауса бала шақты,

Біз де тікті жас отау, жаңа ошақты.

Әке-шеше жолына қадам бастық,

Жалғау үшін бүгін мен болашақты.

  •  

Шақырамыз тойымызға келіңіз,

Жас өмірдің қуанышын көріңіз.

Әсем әннің толқуында би билеп,

Көңілді кештің сый қонағы болыңыз.

  •  

Ақ үміт, асыл мақсат бойымызда,

Бас қосып, отау тігу ойымызда.

Өмірге бірге аттандық жақсы үмітпен,

Келіңіз қуанышты тойымызға.

  •  

Жол тауып жолға түсті жастар жаны,

Ананың орындалды басты арманы.

Сіздерді бүгін міне күтіп отыр,

Қосылған қос жүректің дастарханы.

  •  

Қос жүрек бірге соғып тыныстады,

Баршаға бақыт күнін жар етеміз.

Достарды, жолдас-жора, туыстарды,

Махаббат думанына шақырамыз.

  •  

Жастықтың жарасады шаттық үні,

Мәңгілік естен кетпес тәттілігі.

Өмірге бірге аттандық жақсы үмітпен,

Шақырамыз тойымызға сәтті күні.

Үйлену тойы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Аноним сұрақ

Қазақтардың тойдағы ең “классика” қылығы не?

0

Ажырасамын деген жастарға, әсіресе ажыратқысы келген адамға айыппұл салынса екен

Сәлеметсіздер ме менің айтқым келетін проблема еркектердің жауапсыздығы және сәбилердің құқығы жайлы.  Еркекетер үйленіп,  бала тапқызып,  қаласа тастап кете салуы әділетсіздік деп ойлаймын. Неге осы ажырасамын деген еркектерге или әйелдерге үлкен мөлшерде айыппұл салынбайды, сонда олар айыппұлдан қашып отбасын сақтап қалар ма еді. Ортада балада тірі жетім болып қалмас па еді. Ажырасу азайып, әке шешесіде жастардың өміріне қол сұға беруін тоқтатар ма еді. Жазықсыз сәбилер әкесіз өспейтін еді. Неге әйел адамдар ғана қиналуы керек,  ажырасқанда еркектерге неліктен жауапкершілік артылмайды. 

1
Аслан

Беташар жырын білесіздер ме?