Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ауыз бекітудің ережелері қандай?

Талқылау
Пікір
Қыдыр
24 Маусым, 16

Ораза ережелері:

  • Ораза таң сәріден күн батқанға дейін ұсталады. 
  • Рамазан айының оразасы ұстағысы келген кісі оразаға арнайы ниет етуі шарт. 
  • Сәресі таң намазының уақытына дейін ішіледі. Ол - күншығыстан жарықтың алғаш пайда болатын кезі. Ықтият ретінде белгіленген уақыттан 10 минуттай бұрын ауыз бекіткен дұрыс. 
  • Ауыз ашу ақшам намазының уақытында. Ол - күн ұсына батқан кез.
  • Оразаны бұзатын амалдар: әдейілеп тамақ жеу, су ішу, ерікті түрде құсу, денені қуаттандыратын укол қабылдау, күндіз төсек қатынасына бару және солар сияқтылар. Ал байқамай тамақ су ішіп қойса немесе еркінен тысқұсатын болса, ол оразаны бұзбайды.
  • Оразадан етеккірі келген және тазару мерзіміндегі әйелдер босатылады. Алайда ол рамазаннан кейін сол күндерінің қазасын өтейді.
  • Оразаға мүлдем шамасы келмейтін кісілер әр күніне бір мұқтажды тамақтандырады. 
  • Ауру кісілер, аяғы ауыр немесе емізулі балалары бар әйелдер ораза тұтып-тұтпау жайында дәрігермен кеңескені жөн.
  • Сапарға шыққан адамдарға оразасын ашса, рұқсат. Кейін әрбір күніне бір күннен қазасын өтейді. 
  • Ауызашар уақытында дұға жасаған абзал. Себебі ол кезде жасалған дұға-тілек кері қайтарылмайды. 
  • Ауызды құрмамен, сумен немесе кез-келген тағаммен аша бересіз.

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?