Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
10 миллион теңге бопсалап, 50 миллион алаяқтық жасаған: Қазақстандық полиция ардагері бас бостандығынан айырылды
Жәмилә Бақбергенованың жеке бапкері әйелдер күресінің аға жаттықтырушы болып тағайындалды
"110 мың теңгенің орны": Алматыда бейтаныс жұп тойға шақырусыз кіріп тегін тамақтанып, көңіл көтерген
250 мың доллар: Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы төлейтін елдер қатарына енді
Алматыда 1 сәуірден бастап жылу мен ыстық су тарифі қымбаттайды
8 жылға сотталған алматылық IT университетінің экс-ректоры сауда орталықтарының бірінде көзге түсті
Батыс Қазақстан облысында бухгалтер 118 миллион теңгені 1XBet-те бәс тігуге жұмсаған
Референдумға арналған қаржы мемлекеттік резервтен алынады
Жаңа Конституция қабылданған соң 2026 жылдың жазында Парламент сайлауы өтпек
Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке болмақ
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
"Бақытсыз Жамал" романының қысқаша мазмұны бар ма?
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Міржақып Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романының қысқаша мазмұны
Саумалкөл маңында отырған Сәрсенбай ауылына ұлықтар келіп, ауыл абыр-сабыр күйге түседі. Осы бір кезде байдың шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келіп, Сәрсенбай қызды болады. Нәрестенің есімін Жамал қояды. Жамал бала күнінен ақыл-ойға жүйрік болып, молдадан сауат ашып, хат танып, өзгелерен бір төбі тұрады. Сымбаты да бөлек қыздың алғырлығымен қатар ақындығы да бар еді. Ол бой жеткенде ауыл жігіттерінің көзі түсіп, сөз жарастыруға дімелене бастайды. Ондай пысықай жігіттерге Жамал бет бұрмай, сөйлетпей тастайтын еді. Дара өскен Жамал қыздың атағы басқа ауылдарға тарап, ел арасында "Сәрсебайдың бек көркем қызы бар" екен деген жүреді. Бұл сөз Байжан байға да жетіп, ол өзінің топас та нашар баласы Жұманға Жамалды алып бермек болады.
Оның байлығына қызыққан Сәосенбай ниетіне қарсы болмай, қызын беруге келісім береді. Сөйтіп екі жақ уағдаласып қояды. Болашақ күйеуінің қандай жан екенінен хабардар болған Жамал оны жақтырмай жүреді. Қыз анасы да қызын Жұманға беруге қарсылық танытса да, әкесі олардың қарсылығына да, көңіліне де қарамайды. Сондай бір күндерде ауылда жиын-той болып, жастар бір отауға жиналады. Жиында бітімі де, сымбаты мен сәне де, сөзі де бөлек жігіт Ғали да болады. Жастар айтысып, көңіл көтеріп отырғанда Ғали мен Жамалдың бір-біріне көңілі түсіп, сөзі жарасады. Бірін-бірі ұнатқан екі жас ән арқылы шерін тарқатады. Уағдаласқан мерзім жетіп, Жамал ұзатылатын күнге жеткенде Ғали мен Жамал қол ұстасып, қашып кетеді. Екеуінің артынан қуғыншылар түседі.
Елден қашқан қос ғашық Ғалидың шалғайдағы туыстарының үйін паналайды. Екеуі бас қосып, бақытты тірлік кешіп жатқанда,аяқ асты Ғали ауырып, дүние салады. Ғали бақилық болғаннан кейін, Жамалды Жұманға қосады. Ол үйдегілерден теперіш көріп, ауыр тіршілік кешкен Жамал қыс ішінде үйінен қашып шығып, Ғалидың бейітнің басына барады. Тағдырына нала болған қыз сүйгенінің бейітінің басында жылап жатып көз жұмады.