Айт намазы.
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Өскемендегі құрылысы аяқталмаған "Азия Авто" зауыты саудаға шығарылды
“Қаражат бөлінсе неге мәселеміз шешілмей жатыр”: Алматыда мәнерлеп сырғанаушылар мұзайдынсыз қалғанын айтып шағымдануда
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Алғаш рет 15 жастағы қазақ футболшысы “Барселона” сапында доп тебеді
"Жасөспірім есікке қысылып қалған": Таразда жеңілдік өткізген дүкен иесі айыппұл арқалады
"Диагнозын дұрыс қоймай, ауруын асқындырып жіберген": Шымкентте көз жұмған 47 жастағы әйелдің өліміне жақындары дәрігерлерді кінәлады
Қазақстандық көпбалалы ана мас күйдегі адамдарды 400 мың теңгеге сатқан
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Қазақстанда жалақыдан алынатын салықтарды бір төлемге біріктіру ұсынылды
"Есіктің сыртында ұлы күтіп тұрған": Шымкентте базар басшысы саудагер әйелді зорлады деген күдікке ілінді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Дін категориясындағы басқа сұрақтар
Айт намазының алдында қандай амалдар жасаған дұрыс?
1
1
1
1
0
Айғаным 05
3 жылы бұрын пайда болды
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Ораза айты – Рамазан бойы Алла разылығы үшін өзін ішіп, жеуден тыйған кісінің қуанышқа бөленетін күні. Ол - отыз күн бойы оразасынан кейінгі үлкен бір «ауыз ашары» іспетті. Сондықтан, оны «Ғидуль Фитр» яғни «Ауыз ашар мейрамы» деп те атаған. Бұл күн – айт намазын оқумен басталады. Айт намазына шыққан кісіге мына әрекеттерді орындау сауапты:
1. Жуыну. Имам Мәликтің «әл-Муатта» атты хадис жинағында сахаба Абдулла ибн Омардың айт күні мешітке шықпай тұрып жуынып алатындығы айтылған[1].
2. Хош иіс себініп, әдемі киім киіп шығу. Әзірет Омар базарда сатылып тұрған жібек киісті көріп Пайғамбарымызға: «Уа Алланың Елшісі! Мынаны сатып алсаңыз екен. Айт күндері сырттан келген қонақтарға әдемі боп шығар едіңіз», - дегенде Ол (с.а.у): «Бұл (жібек) киіс құдайдан үміті жоқтардың киісі»[2], - деп қабыл етпеді. Бұл хадистен байқағанымыздай, Пайғамбарымыздың заманында да айт намазына әсем киім кию үрдісі бар-тын.
3. Айт намазға шықпай тұрып, үйінен дәм татып шығу. Бұл жайында сахаба Әнәс ибн Мәлик былай дейді:«Пайғамбарымыз айт күні бірнеше құрма жемей (мешітке) шықпайтын»[3]
4. Айт намазынан бұрын пітір садақасын беру.Өйткені Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.
5. Айт намазына бара жатқан жолда іштей тәкбір тәшриқты айту: «Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, ля Иляха илля-Ллах,уа-Ллаху Акбар, Аллаху Акбар уа ли-Лляхи-ль-хамд»
6. Мешітке келген кісі айт намазы оқылмай тұрып нәпіл намаз оқымайды[4]. Сахаба Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) айт күні тек екі ракағат айт намазын оқыған. Одан бұрын не одан кейін намаз оқымады[5].
[1] Әл-Муатта, Китабуль ъидайн – 428.
[2] Бухари, Китабуль Жиһад - 2889
[3] Сахих Бухари, Китабуль ъидайн – 953.
[4] Хидая – 1/210-211 бет; Биная – 3/99 бет.
[5] Бухари, Китабуль ъидаин – 964.
Абдусамат Қасым