Сұрақтар мен жауаптар
Отбасы, балалар
категориясындағы басқа сұрақтар
0
Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?
Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.
0
2
3
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Пікір
Шамамен 4-5 жастағы мектеп жасына дейінгі баланың ақша жинайтын қорапшасы болуы керек. Оған ата-анасы қалтасындағы ұсақ тиындарды салып тұрады. Бұл ақшаны бала қалаған ойыншығын не ата-анасы алып бергісі келген затты сатып алу үшін жинайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі баланың ақшаны өз еркімен жұмсайтын мүмкіндігі жоқ екенін ескеру қажет. Оған қоса балаға қалаған затының бағасының, оған қанша уақыт ақша жинау керек екендігінің парқына бару оңайға соқпайды. Ал төменгі сынып оқушысына жеке шығындары үшін қалтасында аздаған ақшаның болуы артық етпейді. Мектепке алғаш барған уақытта бала жаңа ортаға тап болып, жаңа ережелерге бағынуына тура келеді. Егер балабақшада ақшаның еш қажеті болмаса, мектеп асханасында оны керексіз дей алмаймыз. Тіпті, мектеп асханасында тамақ ақшаға сатылмай, талонмен берілсе де, апта басында баланың ата-анасынан аздаған ақша алып отырғаны дұрыс. Ол ақшаға шоколад сатып алады не ақшасын жинайды. Баланың ақшаны қайда және қалай жұмсайтынын назардан тыс қалдырмаңыз. Ол ақшаны алған күнінде-ақ түгелдей жұмсайды ма, әлде бір аптаға жеткізуге тырыса ма? Оны жинауға тырысы ма? Мұның барлығына дерлік мән берген жөн.
Алдымен балаға не мақсатта ақша беретініңізді сана сарабынан өткізген жөн. Ол ақшаны ақылмен жұмсап үйрену үшін бе? Жақсы тәртібі, үй шаруасындағы тыңғылықтылығына марапат ретінде ме? Әлде бала өзін өзгелерден кем сезінбес үшін бе? Бәлкім бала күніңізде қалтаңызда күнделікті жұмсар ақша болмағаны есіңізде мығым сақталғаннан болар? Бұл сұрақтардың жауабының өзі-ақ дұрыс шешім қабылдауыңызға себін тигізеді. Сөзімнің алдында қандай әрекеттен бас тартудың жөн екенін айта кетейін. Үй шаруасындағы көмегі не үй тапсырмасын орындағаны үшін марапат ретінде ақша беруге мүлдем болмайды. Мұндай жағдайда ақша бәрінен маңызды болып, ата-ана баласын тек ақшаның көмегімен басқаратын болады. Бұл уақытта балада ата-анасына деген жағымсыз сезімдер пайда болуы мүмкін. Өз кезегінде бала үй шаруасын тиісінше сапалы атқаруға үйренбейді. Керісінше, ол тезірек ақшаны иемденудің қамын ойлап, барлығын үстірт жасайды. Балаға қай жастан бастап ақша бере бастаған дұрыс?