Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Павлодар облысында төрт мектеп оқушысын зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Қарағанды облысында кәмелетке толмаған қыз бала жүкті болды: 40 жастағы күдікті ұсталды
Серік Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды
БҚО тұрғындары 618 жылқыны қолды қылған барымташы ағайындыларға қатаң жаза сұрайды
Көлік ұрлығына ішкі істер қызметкерлерінің қатысы бар - Нығматуллин
Ажал құша жаздады: Алматыда биік шыңға шыққан шетелдік турист аяқ-қолын сындырды
Өкінішке орай, халқымыздың бір бөлігінде демалуға жеткілікті қаражат бар - Бекшин
67 жастағы Сапарбаевқа не себепті коронавирусқа қарсы вакцина егуге рұқсат етілді: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі халықтың қалыпты өмірге қашан оралатынын айтты
Денсаулық сақтау министрлігі енгізілуі мүмкін катаң карантин жайлы айтты
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
"Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет" тақырыбына шығарма бар ма?
0
0
Ера
8 ай бұрын пайда болды
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
Бағалау критерийі:
Эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
3 аргумент келтіреді
Дәлелдері жеткілікті
Тақырыпты аша алады
Өзіндік көзқарасы, пікірі бар
Орфографиялық норма
Сауатты жазады
2
Алмас
2 жылы бұрын пайда болды
Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді
Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?
3
3
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
5
Эссе мен шығармалар жиынтығы
21
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
197
Денсаулық
168
Махаббат
19
Мерекелер
21
Тарих
45
Құттықтау тілектер
43
Сценарий
7
Үйлену тойы
14
Дін
121
Кино мен ТВ
8
Ұстаздарға
16
Танымал тұлғалар
95
Қазақ әдебиеті
120
Компьютер және интернет
11
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
27
Қоғам және саясат
22
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Тағам рецептері
52
Түс жору
12
Ғылым және техника
21
Сән және сұлулық
57
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
109
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
8
Қазақтың ең орныққан, маңызды қағидасының бірі осы – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Ұрпақтарға ең үлкен тәрбиені де осы бір ауыз сөзбен бойына сіңірген.
Үңілсек, бұл сөзде үлкен философия жатқан сияқты. Өзімізден үлкенді құрметтесек, өзімізден кішіге иіліп ізет көрсетсек, адамзатты сыйлаған, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болмаймыз ба? Ал күллі адамзатты сыйласаң, өзің де сыйлы боласың, құрметке бөленесің.
Қазақта отбасының әр мүшесінің өз орны бар. Шектен шығып бара жатқан кісіні «Өз орныңды біл!» деген бір ғана сөзбен тоқтатқан. Балалары ата-әжесін, әке-шешесін құрметтейді, олар айтқан сөзге тоқтайды. Аға-әпкелері іні-қарындастарына қамқор болады, келіндер үлкенге тік қарамай, даусын бәсеңдетіп сөйлейді. Дастархан басында отырғанда да осы қағида сақталады. Үлкендер–төрде, олардың жанын ала бере, оң жағында қыздар, сол жағында ұлдары, одан төменірек балалар, келіндер жайғасады. Төр – құрметті орын. Сондықтан да онда құрметті кісілер отырады.
Бұрынғы уақыттарда ауылдағы, ру ішіндегі не ел арасындағы дау-дамайды да үлкендер шешетін болған. Ақсақалдар отырысында шешілген байламға екі жақ та тоқтаған. Оған қарсы шықпаған. Қазіргі соттың үкімінен де артық бағаланған десек қателеспеспіз.
Кішілер үлкенге құрмет көрсетеді. Ол құрмет өмірдің әр алуан кездерінде әр түрлі формада жүзеге асады. Кішкентайында үлкеннің жолын кеспейді, оларға әрдайым сіз деп сөйлейді, тіл қайтармай, айтқанын бұлжытпай орындайды. «Сен демек қиын емес пе, бұрынғы туған үлкенге?!» деп Шортанбай Қанайұлы қазақтың танымын көрсетеді. Басқа қарсылықтарды былай қойғанда, тек «сен» деп сөйлеудің өзін өте оғаш санаған. Бала кезінен-ақ қонақты күтіп ап, олардың қолына су құйып қызмет жасау үйдің кіші балаларының еншісінде болған. Есесіне үлкендер оларға ризашылығын батасымен, мейіз-өрік, тәттісімен білдіретін болған. Қазірдің өзінде біз қонаққа барсақ, ол үйдің балаларына міндетті түрді сый-сауқатымызды ала барамыз.
Кішіге ізет көрсету де үлкен жауапкершілікті, асқан мейірбандылық пен махаббатты қажет етеді. Жүрегі жұмсақ адамдар ғана кішіге мейірімділік танытады. Ертеректе бір үйдің баласы, екінші үйдің тамағын жеп, ойнап, тіпті сол үйде қонып жүре беретін. Ешкім алаңдап, баласын іздемейді де сонда. Бір қазан тамақ жасалып, үйдегінің бәріне тартылатын. Қазақтың дархан көңілінің арқасы ғой!
Бұдан бөлек ел арасында ағасының өз інілерін жеткізіп, үйлендіріп, үйлі етіп жатқан неше жағдайларды естіп те, кездестіріп те жүрміз. Ол да болса әке аманатын орындап, кішілерге қамқарлықпен қарап жүргенінің мысалы.
Үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет көрсету жалпы қазақта тәптіштеліп үйретуден емес, күнделікті тіршіліктен-ақ баланың бойына сіңіп кеткен сияқты. Өйткені тәрбие айтудан емес, көрсетумен ғана бойға сіңеді. Үлкен даналық жатқан бұл қағида шынында атадан балаға мирас болып келіп жатыр. Еш заңда жазылмаса да халықтың санасы мен тыныс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Қазақта қай істі бастасақ та осы қағиданы біліп-білмей ұстанамыз. Қонақ күтсек, әуелі үлкендерді шақырамыз, үлкендерге амандасамыз, «басты» үлкендерге береміз, белгілі бір мәселені де алдымен үлкендермен ақылдасып, сол кісілердің батасын алып барып қана бастаймыз. Кішілер қызметін жасайды, сый-сияпатын алады, дегенмен оларды аяймыз, ауыр жұмысқа жұмсамаймыз. Еркелетеміз, тентектігін кешіреміз. Өмірдің өзі қарым-қатынастан тұратын болған соң: әркімге өз жолы бойынша құрмет көрсетеміз. Сәйкесінше өзіміз де құрметке бөленеміз. Өмірді жақсы сүру деген де осы емес пе?!
Үлкенді үлкен, кішіні кіші деп сыйлай білетін қазағым - сыйласа білетін, сыйластықты жоғары бағалайтын халық. Сыйласу - адам өміріндегі құнды дүние. Қамшының сабындай өмірде одан бағалы, одан артық қазына жоқ-ау, сірә. Себебі, ит-мысықша ырылдасып, бір-біріне көз алартып. күндесіп өту тіршіліктің сәнін кетіріп, жарқын өмірді түнек ететін бықсық түтін іспетті. Осының парқын білген қазақ халқы үлкеніне құрмет, кішісіне ізет көрсетіп, тату-тәтті, емен-жарқын ғұмыр кешкен.
Жасы кішінің өзінен үлкенді құрметтеп, кішілік көрсетіп, сыйлай білуі үлкеннің де, кішілік һәм кісілік танытқан кішінің де мерейін өсіреді. тегі, өзгеге жақсылық жасағаннан жақсылық жасағанның да, жаслағанның да бір дүниесі кеміп қалмайды, жақсылық ненің де болсын мерейтін тасытады. Ал үлкеннің өзінен кішіні іні, бауыр тұтып, ізет көрсетіп, ақ пейілін білдіруі - оның кішінің алдында кішіреюі емес, адамгершілігінің белгісі. Ол да болса әлдекімнің бағасын түсіріп, елге күлкі етпейді. Керісінше, кішіреюіңнен қоршаға нортаң адамдығыңды танып, сый-құрметі артады.
Сондықтан, әркез адамшылықтан аспай, сыйласып өмір сүруіміз керек. Сонда ғана өміріміз мәнді әрі сәнді болмақ.