Ерлі-зайыптыларға арналған дұғалар бар ма?
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қостанайдағы жарылыстан 3 адам қаза тапты
Астанада ауа райына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқытуға жіберілді
"Себебін ешкім білмейді": Ақтөбеде әйел отадан кейін 9 ай бойы комада жатыр
Қызылордада әкімдік жөнделіп қойған жолдарды қайта жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлген
"Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы: Төлемдерді алу үшін баланың ата-анасы не істеу керектігі айтылды
"Қазіргі сағат денсаулыққа зиян": Ғалымдар бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасын айтты
"Күлпаштың" арқасында күйеуіммен татуластым": Актер Берік Тұрсынбеков өзіне хат жазған бейтаныс әйел туралы айтты
"Бір жарым күн ішінде бүйрегі мен бауыры істен шыққан": Қарағандыдағы ауруханалардың бірінде жас жігіт қарапайым отадан кейін көз жұмды
"Ешқандай кек алу емес": Ішкі істер министрі "Не молчи" қорының өкілі Дина Таңсәрінің үстінен қозғалған қылмыстық іске түсінік берді
Ақтөбе облысында "Ауыл аманаты" жобасы аясында елді мекен 1200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Дін категориясындағы басқа сұрақтар
Ерлі-зайыптылар қандай дұғаларды білуі тиіс?
1
1
1
1
0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
13
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
12
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
16
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Кедейліктен, жаман мінезден сыйыну
Я, Алла! Менің дінімді дұрыс, үйімді кең, ризығымды берекелі қылғайсың. Уа, Алла! Қатыгездіктен, бейқамдықтан, қорлықтан және
кедейліктен Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Кәпірліктен, пасықтықтан, мақтаншақтықтан, сұмғадан және риядан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Уа, Алла! Керең, сақау, алапес болуымнан және жаман аурулардан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
«Аллаһумма әслих ли дини уә уәссиъ ли дәри, уә бәрик ли фи ризқи. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-қасуати уәл-ғафләти уәз-зулләти уәл-мәскәнәти, уә әъузу бикә минәл-куфри, уәл-фусуқи уәш шиқақи уәс-сумъати уәр-рия-и уә әъузу бикә минәс-сумми уәл-букми уәл-жузәми уә сәи-йил-әсқам».
Ризық сұрау
Я, Алла! Көбейте гөр, кемітпе, сыйлы қыл да, бейшара қылма, бере гөр де, тыя көрме, бізді таңда да, құр қалдырма. Уа, Алла! Барлық істерімнің соңын жақсарт. Дүние қорлығынан және ақырет азабынан құтқар.
«Аллаһумма зиднә уә лә тәнқуснә, уә әкримнә уә лә туһиннә, уә аътыйнә уә лә тәхримнә, уә әсирнә уә лә ту-әссир ъаләйнә. Аллаһумма әхсин ъақибәтәнә фил-умури куллиһә, уә әжирнә мин хизид-дуния уә ъазәбил-әхира».
Алладан жан байлығын әрі материалдық байлықты сұрайтын дұға
Ибн Масғұд(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим) (Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)
Жоқшылықтан, ауру-сырқаудан сыйыну
Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.
«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһум- мә ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи бәсари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқри, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабри, лә иләһә иллә әнт».
Ер адамның өз отбасы мүшелері ауырған кезде дем салуы
Айшадан(оған Алла разы болсын): «Алла Елшісі біреуіміз ауырсақ, оны оң қолымен сипап: «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер)», – деп айтатын.
Айшадан (оған Алла разы болсын). Алла Елшісі(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс(и), бийәдикәш-шифә(у), лә кәшифә ләһу иллә Әнт(ә) (Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ)» (деген) сөзбен дем салатын ( Муслим).
Баланы барлық жамандықтан сақтауды сұрайтын дұға
Бұл дұғаны дем салудан кейін, бала сыртқа шығарда, қонаққа барғанда, кез келген уақытта жамандықтан Алладан пана сұрау үшін оқыңыз:
Ибн Аббастан(оған Алла разы болсын). Ол: «Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хасан мен Хусейнді пана сұратып: «Шын мәнінде сендердің бабаларың (Ибраһим) мұнымен Исмаил мен Исхақты пана сұрататын: «Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ (Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын)» деп айтатын»,-деген. (Бұхари).
Салихалы әйел мен бала сұрайтын дұға
«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!».
«Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»
Салихалы ұрпақ сұрайтын дұға
«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).
«Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и»
Жыныстық қатынасқа түсердің алдында айтылатын дұға
Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббастың сөздерінен Алла Елшісінің(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет», - деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды».
«Бисми Лләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на».
Перзент сұрайтын дұға
Зәкәрия Пайғамбардың дұғасы: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің» («Әли Имран» сүресі, 38-аят).
«Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа»
Үйленгенде айтатын дұға
«Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!» «Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!»
Үйленген кісіге айтатын дұға:
«Бәрака-Ллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а бәйнәкумә фи хайр!»
«Алла саған береке берсін және саған береке жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!»