Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
18 рет пышақ тыққан: Оралда ТКШ-ның бұрынғы қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
"Қудалауды бастады": БҚО-да мектеп меңгерушісі Tik-Tok түсіргені үшін жұмысынан қуылды
Көптоғайда орнатылған шекара қоршауларын қайта бұзып тастады: Желіде видео тарады
Ashyq қосымшасында "қызыл" мәртебеге ие қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр
6 науқастан Уаз көлігімен тасымалдаған: Петропавлда коронавируспен ауырған екі насқастың өлімінен соң іс қозғалды
Өзінің өлімін қолдан жасап ойнаған блогер бір жыл өткенде қайтыс болды
Таразда 46 жастағы әйелді ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан тұрғыны аяқсыз Эвересті бағындырған әлемдегі алғашқы қыз атанды
Таразда оқ жарақатын алған үш бала ауруханаға жеткізілді
Тоғыз жастағы бала мәйітханаға барар жолда "тірілген"
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
8
Эссе мен шығармалар жиынтығы
22
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
195
Денсаулық
168
Махаббат
19
Мерекелер
24
Тарих
45
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
121
Кино мен ТВ
0
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
91
Қазақ әдебиеті
117
Компьютер және интернет
10
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
26
Қоғам және саясат
21
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
15
Ғылым және техника
21
Сән және сұлулық
54
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
116
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
8
Жалаңаш баба - он үш жасынан әулиелік дарып, хан Абылайдың кеңесші болған, жарақаттанған әскерлерін емдеген, халық емшісі, қобызшы болған адам. Азан шақырылып қойылған есімі Қойлыбай көрінеді. Әулие Сыр өңірінде дүниеге келген. Жетпіс бір жасында дүние салған.
Деректерге сүйенсек, әулиеден Абылай ханның өзі кеңес сұрап, бата алмай жорыққа шықпаған екен. Бір кездері Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тума Шынқожа, Шанышқылы Бердіқожа, Көкжал Барақ сынды халқымыздың ұлы батырлары қолбасылық еткен қазақ-қырғыз арасында болған үлкен шайқаста Көкжал Тума мен Барақ Шынқожа бастаған қол Алатау қырғыздарын талқандап, олжамен қайтып келе жатқанында, Шу, Ақсу өңірін шабуға дайындалып жатқан қырғыз әскері қазақтардың елін шапқанын естіп, қазақ қолының соңынан қуып жетеді. Кескілескен шайқаста Көкжал Барақ пен Тума Шынқожа бастаған қол жеңіліске ұшырап, өздері қазаға душар болған. Қырғыздар онымен тоқтамай Ақсу, Шымкент қоңыраттарын шауып, қайтар жолдарында Шу өзені бойына шейіт болған жауынгерлердің сүйектерінен мұнара тұрғызған. Бұл хабар артынша Абылай ханға жетіп, хан қаһарына мінеді. Үш жүздің батырларын жинап, қырғыздарға қарсы шаппаққа бекінеді. Ұрысқа аттанар алдында үш әулиесінің бірі Жалаңаш әулиені шақыртады. Бірақ, ханның адамдары әулиені ел ішінен таба алмайды. Қашып кеткен Жалаңаш әулиені Ертіс өзенінің бойындағы жалғыз ағаштың түбін паналап отырған жерінен табылып, ханға жеткізіледі. Жалаңаш әулие өз әрекетінің сырын: "Кәпірге атар жалғыз оғым бар еді, мұсылманға атпайын деп едім",- деп түсіндіреді. Абылай хан оған: "Мұсылман мұсылманның етін итке жегізіп, басынан келле мұнара тұрғызып, осынша қорлай ма екен? Жүрмесең Құдай алдында достық хақымды кешпеймін",- деп шайқасқа бірге аттануға көндіреді. Қырғыздардың Алатау басындағы жайлауынан түскен уақытын аңдыған хан, Шу бойына беттейді. Жау жағын күтіп жатқан Абылай хан қырғыз төресі Әтекеге кісі жібертіп, ұрысқа шақырады. Үшінші күн дегенде Шу бойына келіп жеткен Нәдір бала, Садыр бала бастаған Әтеке қолы әй-шайға қарамастан, бірден қазақ әскерлеріне оқ жаудыра бастайды. Осы тұста Абылай Жалаңаш әулиенің кеңесіне жүгінеді. Әулие ханға сәскені күтуін, сәскеге дейін оғы жауға дарымайтынын, дәл осы уақыт жау ыңғайына келіп тұрғанын айтады. Абылай Жалаңаш әулиенің айтқанына тоқтап, уақыт ұту үшін жау жағына бітімге келейік деген сылтаумен елші жібереді. Елшінің сөзінен соң қырғыз төресі Әтеке ниетінен бас тартып, бітімге келуге келіседі. Алайда Нәдір бала бітімге келісуге қарсылық танытады. Бұл ісіне өкпелеген Әтеке екі мың әскерін алып, еліне қайтып кетеді.
Сәске болған уақытта Жалаңаш баба қазақ қолына оңтайлы уақ келгенін айтып, батасын беріп, жау жағына бір уыс топырақ шашыпты. Шайқаста Абылай ханның қолы қырғыздарды ойсырата жеңеді.