Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Тахмина

Жұлдызнамадағы мінездемелерге сенуге бола ма?

Талқылау

Пікір

Данияр
03 Қыркүйек, 16

Жұлдызнамада берілген мінездемелерге сенуге бола ма?

Жұлдызнамадағы сипаттамаларды оқып, сай келген мінездемені мақұл көріп жатсаңыз, «бал ашу», «ғайыптан хабар беру» болмағандықтан, харам деп айту қиын. Аллаһу аълям. Бірақ, жазылған сипаттамаға имандай сеніп, әлдебіреулерді тану үшін оны негізге алу қателік. Ол жалпылама статистикаға сүйеніп жасалған тұжырым. Және, бір астрологтың берген мінездемесін, келесісі жоққа шығаруы мүмкін. Бұнымен қатар, берілген мінездемелерді бәріне бірдей сәйкес келеді деп те айта алмаймыз.

Олай болса, мұсылман кісінің дүниесіне не ақіретіне пайдасы жоқ нәрселерден бойын аулақ ұстағаны дұрыс. Құранда: «Мүміндер – бос нәрселерден бойларын ұзақ ұстайды»[2], - делінген. Сондықтан да, әлгіндей байлауы жоқ нәрселерді оқып уақыт сарп еткеннен гөрі, арнайы адам мінезін зерттейтін психология саласын оқығаны дұрысырақ.

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?