Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Халқым менің - қонақжай" тақырыбында эссе бар ма?

Айымгүл
Жауап қалдырылды: 10 Қазан, 17

Халқым менің - қонақжай (Шымғармамның жалғасы)

Тау заңы бойынша, қазақтар ант берген кезде бір қолына Құранды, екінші қолында нан ұстаған.

Қонақты дұрыс күтпеген адамды ауыл халқы қатты сынайтын болған. Мұны тіпті әулетке басылған таңба деп білген. Сараң адамдарды қонақтары ғана емес, туған-туысқандары да жек көрген. Бірақ, өмірде барлығы болады. Кейде адам біреуге жамандық жасап, кейін соның үйіне өз аяғымен баруға мәжбүр болады. Үй иесі оны қуып жібермеген. Керісінше дастархан басына отырғызып, дәмді ас берген.

Қазақ халқында “абысын асы”, “қонақасы”, “белкөтерер”, “қалжа”, “бүйрек”, “құйрық бауыр асату”, “қымызмұрындық”, “соғым басы”, “наурызкөже” сынды тамаша дәстүрлері бар. Осы салт-дәстүрлердің барлығы халықтың мәдениетінің деңгейін көрсетеді.

Айымгүл
Жауап қалдырылды: 10 Қазан, 17

Халқым менің - қонақжай (Барлығы сыймайды екен. Жалғасы бар)

Ежелден қазақ халқы басқалардан өзінің қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Жолдан келген қонақты төрге шығарып, бар тәттісі мен сақтағанын қонақтың алдына қоятын болған. Мұнымен қатар, әр тағам қонаққа сай тартылып отырған. Тіпті, ренжіскен адамдарды қонақасының көмегімен татуластыратын болған. Ыдыстың әдемілігі де үлкен рөл атқарған.

Ауылды жерлерде қонақтарға арнап ет пен сүтті тағамдарды сақтайтын болған. Тамақ әзірлеу міндетті негізінен әйел адамдарға жүктелетін. Олар өздері білетін тағамдардың рецептісін ұрпақтан ұрпаққа беріп отырған. Ол – балдай тәтті қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, сары май, жент және т.б.

Қазақтың қай ауылына барсаңыз да, кез келген әйел әзірлеген тағамның дәмі тіл үйіреді. Алыстан ат терлетіп келген қонақтарға қазақтар қойдың басын ұсынатын болған. Бұдан өзге дастархан мәдениетіне де ерекше көңіл бөлінетін болған. Қазақтың ежелгі дәстүріне сай, дастархан басында отырып өсек айтуға, біреуді балағаттауға, ұрсысуға тыйым салынған. 

Әли
Жауап қалдырылды: 24 Қыркүйек, 16

Халқым менің - қонақжай

Қазақтан өткен қонақжай халық бар ма екен, шіркін?! Қазақ халқының гексіз-жетсіз созылып жатқан ұлан-ғайыр даласы қаншалықты кең болса, жүрегінің кеңдігі де соншалық. Жалпы, қазақ үшін адамзаттың барлығы бауыр, барлығы дос. Алыстан адасып келген бейтанысты үйіне түсіріп, құдайы қонақ етіп, қой түгілі, астындағы жалғыз атын сойып беретін халықты қайтіп бауырмал, қайтіп қонақжай демессің? Одан қалса, үйіне келген ағайын-туысын құшақ жайып қарсы алып, айлап-жылдап күтетін халық та аз-ау, сірә! Оған дана халықтың "Қонақ келсе құт", "Қонақ келсе қой егіз табады" сынды мақалдары дәлел. Бүгінде қонағын құт емес, жұт көретіндерді де көзіміз көріп жүрміз. Құдайға шүкір, біздің елде қонаққа шыққан шығынның есебі жоқ. Жұтын емес, құтын ойлап, мейлі алыстан келсін, жақыннан келсін, үйіміздің төрінен орын беріп, жылы-жұмсақты аузына тосып, қонақтың разылығына шат-шадыман қуанамыз. Себебі, қазақ - қонаққа жайлы қонақжай халық. Сонысымен де қашан да мәртебесі биік, елінде дәйім тыныштық.

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар