Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Жаңа үйлерден пәтер алу кезінде қолма-қол ақшамен төлем жасауға тыйым салынды: Нені білу қажет
Путин мен Си Цзиньпин 150 жасқа дейін өмір сүру және мәңгілік өмір туралы сөйлесті
Астана тұрғындарын балағаттап, өлім тілеген танымал блогерге қатысты тексеріс басталды
"Атлетикке" Ляпортты тіркеуге ФИФА рұқсат бермеді
Полиция қазақстандықтарды "Қайрат" - "Реал Мадрид" ойынына билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырды
Депутат сирек кездесетін металдардың Қазақстаннан заңсыз шығарылып жатқанын айтып, дабыл қақты
Крейг Беллами: "Астана Аренадағы алаң тек төменгі лигаларға лайық"
"Еуропа мен АҚШ-қа виза алып беремін": Астанада 60-тан астам адамды алдап соққан әйел ұсталды
Уэльспен өтетін матч алдында Қазақстан құрамасы негізгі құрамдағы бірнеше футболшыларынан айырылды
Бекзат Алмахан Катардағы UFC турнирінде Илия Топурияның ағасымен жекпе-жекке шығады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақтың салт-дәстүрлері категориясындағы басқа сұрақтар
Тұскиіз деген не?
0
Salima
1 жыл бұрын пайда болды
Ерсіз іс әрекетімен есте қалған қонағыңыз бар ма?
«Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» - деп жар салған қонағым
Ифтарға дастархан жайып қонақ күткен едік. Ораза ұстағандарды тамақтандырып, құран оқып, сауап жинау басты ниетіміз еді. Дастарханның дәл ортасында шелпек-бауырсақтарымыз тұрған. Ақырындап қонақтарымыз келе бастады, дастархан басына жайғастырып жатқанда келгендердің бірі қатты дауыспен «Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» деп айқайсалды. «Қазақтың дәстүрі ғой» деп тақырыпты ауыстырайын деп едік, әлгі адам ашуын баса алмай одан әрі жалғастыра кетті. Қонақтардың түрлісі болады екен, отырыстың күл талқаны шықты. Неге солай?
1
2
2
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Тұскиіз - үйдің қабырғасын сәндеу үшін қолданылатын жиһаз, керегеге ілінетін кілемнің бір түрі. Көбінесе төсектің тұсын әрлеуге қолданғандықтан, "тұскиіз" аталып кеткен.
Тұскиіздің жасалуына шеберлер ерекше мән берген. Керегеге толығымен жабылатын болғандықтан көп жағдайда тұскиіздің көлемі тік төрт бұрыш болып жасалған.
Тұскиіз үш жағынан доға түрінде кестеленген жиегі бар орталық өрістен тұрады. Тұскиіздің төменгі бөлігі кестеленбеген. Өйткені қабырғаға ілінгеннен кейін, оның астына көрпеше, жастық қойылатын болған. Кестесі көрінбейтін болғандықтан, тұскиіздің тек үш шетін кестелеген. Киіздің үстіне қызыл, ақ, қара түсті өрнектер салып безендірген. Осылайша ортасына үйлесімді мата салып, киізбен көмкереді. Оның шеті бір түсті барқыт, мәуіті, шұға маталармен көмкеріліп, түрлі-түсті жіппен кестеленеді. Тіпті бұрындары қызыл тұскиізді былғары күміспен әшекейлеп, сәндік бұйым ретінде қолданған.
Тұскиізді кестелеу үшін ине немесе кесте бізі қолданылады. Оны кестелеген кезде "мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "алқа" сынды бірнеше оюлар қолданылған. Киізге кестені маржан, меруерт жіптермен тіккен. Тұскиіз өндірісінде алақұрт, сағат бау, шытыра, су тарту, ирек түсіру, кереге көз сияқты тігіс әдістері қолданылады.
Тұскиіз тек сән беретін жиһаз ретінде ғана емес, сонымен қатар, керегеден суық ұрмас үшін де қолданылған. Жылуды ұстап тұру үшін тұскиізді қалың киізден жасап, оны әдемілеп, өрнек түсіріп, кестелеп әрлеген.
Тұскиіздің кестелі өрнегіне қарап, сол үйдегі әйелдің тапқырлығын, түстерді сөйлете білу ерекшелігін, шеберлігін байқаған. Өйткені тұскиіз жасау үлкен еңбек пен шеберлікті талап етеді. Қарапайым тоқыма кілемдерімен салыстырғанда кестелі тұскиіз эстетикалық ұқыптылығы, ою-өрнек әсемдігі жағынан жоғарғы деңгейде дайындалады.
Қазақ халқының дәстүрі бойынша өз қолымен тоқыған кілемін қалыңдық күйеу жігіттің үйіне алып баруы керек. Бұл жас отбасының шаңырағына әсемдік қана беріп қоймай, олардың бойтұмарына айналған. Өз қолымен, бар шеберлігін салып тоқыған тұскиізді жасауға қосудың тағы бір себебі - тұскиіздер қалыңдықты көз тиюден және дуадан сақтайды деп саналған. Тұскиізбен бірге керегеге түлкі, қасқыр терісін немесе қамшы ілуінің де себебі осыда.
Ертеде халық арасында тұскиізді соңына дейін бітіруге болмайды деген түсінік болған. Тіккен адам тұскиіздің оюын толығымен бітірмей қалдырған екен. Бұл өмір әрі қарай жалғасады деген белгі болған деседі.