Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
"Өзіңнен жасы кіші жігітке тұрмысқа шығу – сән": Әнші Ayree күйеуінен үлкен екенін жасырмады
"Алтын Орда базарына кеткен": Алматыда 18 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
"Сұрағанымды берді": Жахан Отарғалиев екі қызы бар келіншекке үйленгенін растады
Мекенжайды шатастырып алған қазақстандық 7 миллион теңге шығынға батты
Әйелдер күресінен Францияда өткен Гран-при жарысында Қазақстан құрамасы қос алтын медаль жеңіп алды
"Қызды құтқарамын деп суға кетті": Мақпал Жүнісова марқұм ағасын есіне алды
Қытайда 35 адамды басып өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесілді
"Университет жедел жәрдем шақырудан бас тартқан": 17 жастағы қазақстандық студент Малайзияда көз жұмды
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының делегациясы Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің кеңсесіне барды
"Ызаланып жыладым": Балжан Бидаш Балидегі демалысын көрсетіп, сәтсіздікке тап болғанын жеткізді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақтың салт-дәстүрлері категориясындағы басқа сұрақтар
Жарапазан дегеніміз не?
0
Salima
10 ай бұрын пайда болды
Ерсіз іс әрекетімен есте қалған қонағыңыз бар ма?
«Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» - деп жар салған қонағым
Ифтарға дастархан жайып қонақ күткен едік. Ораза ұстағандарды тамақтандырып, құран оқып, сауап жинау басты ниетіміз еді. Дастарханның дәл ортасында шелпек-бауырсақтарымыз тұрған. Ақырындап қонақтарымыз келе бастады, дастархан басына жайғастырып жатқанда келгендердің бірі қатты дауыспен «Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» деп айқайсалды. «Қазақтың дәстүрі ғой» деп тақырыпты ауыстырайын деп едік, әлгі адам ашуын баса алмай одан әрі жалғастыра кетті. Қонақтардың түрлісі болады екен, отырыстың күл талқаны шықты. Неге солай?
1
2
2
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
251
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Жарапазан – маусымдық-күнтізбелік ғұрып фольклорына жататын түркі халықтарының арасында көп таралған тұрмыс-салт жырларының түрі. Кей өңірлерде жарапазанды "жарамазан" деп те атайды. Араб тілінен аударғанда "Жә Рамазан", “Рамазан келді” деген мағынаны білдіреді.
Кейбір деректерде "Иә, рамазан!" деген тіркес дыбыс үндестігіне сәйкес жарамазанға айналып кеткен делінген.
Жарапазанды көбіне балалар мен жасөспірімдер Рамазан айында үй-үйді аралап айтады. Ежелде жарапазан ораза ұстаған адамдарды ауызашарға ояту үшін айтылған деседі. Жарапазан айтушыларға әр үйден біреу шығып, тәтті тағамдар, кәмпит, құрт, кей кездері тиын-тебен ұсынған. Бұрынғы жас балаларға асық та сыйланыпты.
Жарапазан мәтініне назар аударатын болсақ, өлең шумақтары үй иесін мадақтаудан басталатынын байқаймыз, ары қарай ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтылады. Осыдан жарапазанның негізгі мақсатын түсінуге болады.
Кеңес үкіметі кезінде бұл салт біртіндеп ұмытыла бастаған, десек те ислам дінінің жандануына байланысты жарапазан айту қайта танымалдылыққа ие болуда.
Жарапазан туралы Ахмет Байтұрсынұлы былай жазады:
"Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатын екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады".
Қазақ дәстүрінен бөлек, жарапазан айту Орталық Азиядағы түркі халықтарының арасында кездеседі. Мәселен, тәжіктер Рамазан айында өлең-жырлар айту салтын "рабиман" деп атаса, өзбектерде "Ё рамазон", түрікмендерде "Я, Ремезан", түріктерде "Рамазан мәнисі" деп айтылады екен.
Сіздерге жарапазанның толық нұсқасын ұсынамыз:
Үйің, үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен!
Ассалаумағалайкум, мұсылмандар,
Мойынын хақ жолына ұсынғандар.
Құт орнап отбасыңа, бағың артсын,
Құдайым қабыл етсе, ісіңді оңдар.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Бақ қонсын бар мұсылман қауымына.
Береке, құт әкелсе, Ораза айы,
Жаз жайлау, жарық енсін ауылыңа!
Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман.
Балалардың мінгені,
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Байдың көңілі жай болсын.
Ай жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын.
Күн жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын…
Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Бәйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол.
Бисмилла, аллаһу акбар!
Бұрама темір, сым темір,
Отқа салса жанбасын,
Суға салса батпасын.
Тәңір берген нәсібе
Тепкілесе кетпесін!
Әумин!