Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
WhatsApp желісінде жаңа функция пайда болды
Танзанияда лай көшкінінен 63 адам қаза тапты (видео)
"10 сағат ота жасады": Әнші Медеу Арынбаев талма ауруын қалай жеңгенін айтып берді
"Алматы алақандағыдай...": "Жаралы сезім" фильмінің актерлері 17 жылдан кейін алғаш рет сұхбат берді
Жігітпен билегені үшін отбасы қыздарын ескі наныммен жазалап, өлтірді
"ҰБТ-да пәтеріміз туралы сұрақ болған": Әли Оқапов анасының "10 бөлмелі" үйі туралы айтты
Росатом Қазақстанға екі атом электр станциясын салуды ұсынды
"Канн февтиваліне қатысатын кино": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі кино түсірді
"Ең көп неке тамызда тіркелсе, ең көп ажырасу мамыр айына сәйкес келеді": Қазақстанда 2023 жылғы неке қию мен ажырасу көрсеткіші белгілі болды
Қазақстанда "Слово пацана" сериалына тыйым салына ма – Министрлер жауап берді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
13
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
12
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
16
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Қазақтың "шежіре" сөзі арабтың "шаджарат" сөзінен шыққан, "ататек", "генеалогия" деген мағына білдіреді.
Шежіре қазақтар, башқұрттар, татарлар мен қырғыздардың арасында кеңінен таралған. Ең алғашында шежіре ауызша таралатын болған, ал оны білу әрбір адамның міндеті саналған. Кейіннен шежіре жазбашаға ауысып, кей кездері өлең шумақтары ретінде сақталған. Шежіреде арғы аталардың есімдерінен бөлек, руға, тайпаға қатысты айтулы оқиғалар, аңыздар жазылатын болған.
Шежіре тарихи, этнографиялық және антропологиялық деректер мен мұралардың басты көзі болып есептеледі.
Қазақтар оннан жиырма беске дейінгі арғы аталарының есімдерін білетін болған. Қазіргі күні бұл жетіге дейін қысқарып, "Жеті ата" аталып кеткен. Мұны білудің басты мақсаты - жақын туыстарыңмен некелесуден сақтану, қан тазалығын бұзбау. Қазақтар үшін шежіре үлкен маңыздылыққа ие. Бұрынғы салт-жоралғыларға сәйкес, шежіре ер адамдардың жолымен беріледі. Десек те шежірелік кітаптарда аты елге танылған әйелдердің де есімі жазылатын болған.
Ел ішінде шежірені жинайтын әрі тарататын шежіреші болған. Мұндай адамдар тек өз жұртының ата тегін ғана емес, бүкіл ұлттың, рудың тарихын білген. Тарихи деректерге сенсек, Қазақ хандығы тұсында жоңғарлардың шежірешілерді іздеп тауып, олардың көзін жойып, шежіре кітаптарын өртеумен айаналысатын арнайы жасағы болған деседі. Сонымен қатар, орта ғасырларда шежіре киізден жасалған кітапқа жазылады екен.
Орта ғасырларда шежіре туралы мәліметтер Өтеміс Қажының "Шыңғыс намесі", Хафиз Таныштың "Шараф-наме-ишахий", Баһадүрдің "Түрік шежіресі", М. Х. Дулаттың "Тарих-и Рашиди" еңбектерінде кездеседі.
Кейіннен ел арасында жиі айтылып жүрген тарихи оқиғалар ХХ ғасырдың соңында қағазға түсіріліп, жинала бастады. Осы тұста шежіре туралы Ш.Құдайбердіұлы "Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі" кітабы жарияланды. Шәкәрімнің бұл шығармасы туралы Ә.Бөкейхан былай дейді: "Мұнан бұрын қазақ шежіресі қазақ тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің бұл кітабы — қазақ шежіресінің тұңғышы; қазақ шежіресін білмек болған, аға-іні іздегенді осы кітаптан табасың. Енді мұнан былай қазақ шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрім кітабын әбден білмей қадам баспа". Бұған қоса, қазақтың шежіресін жинауда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбегі зор. М. Ж. Көпеев шежіре туралы "Біздің бұл қазақта тасқа таңба басқандай анық шежіре жоқ… Естігенін ұмытпайтұғын, құлағының тесігі бар, кеудесінің есігі бар, ұқпа құлақ жандар болған. Сондай жандардың айтуымен кеудесі хат, естіген көргені жад болған қариялар кейінгіге ауыздан-ауыз алып айтумен үлгі-өсиет қалдырған" деп айтып кеткен.
Шежіре тарихын зерттеген ресейлік ғалымдардың арасында А. И. Левшин, Н. А. Аристов, П. И. Рычков, А. И. Тевкелев, Г. Е. Грумм-Гржимайло, В. И. Даль, В. В. Бартольд және т.б. бар. Одан бөлек, шежірешілік дәстүрді Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Сералин, М.Тынышбаев, Н.Наушабаев, Х.Арғынбаев, С.Толыбеков, С.Мұқанов, В.Востров, М.Мұқанов, т.б. көп еңбек сіңірді.
Қазақтарда әрбір ата-тек пен ұрпақтың өз атауы бар:
Баба - арғы ата, түрікше "әке" деген мағынаны білдіреді. Кей деректерде "баба" сөзі "ана" деген ұғымда қолданылған делінген.
Түп - ұрпақтың бастауы.
Тек - шыққан руы, тайпасы, атасы.
Бала - ұрпақ жалғастырушы.
Немере - баладан кейінгі ұрпақ.
Шөбере - немеренің баласы.
Шөпшек - шөбереден кейінгі қрпақ.
Немене - бесінші ұрпақ.
Немелтай - кейінгі ұрпақ, кей жерлерде немеренің баласы, кей жерлерде шөберенің баласы ретінде қолданылады.
Туажат - жетінші ұрпақ.
Жекжат - туажаттан кейінгі ұрпақ.
Жүрежат - жеті атадан кейінгі туыстық
Қаймана - бір атадан таралған ұрпақ.