Сұрақтар мен жауаптар
0
Анонимді сұрақ
Бурабай, Алакөл, Балқаш — қайсысы ұнайды? Түркия мен Грузияға кету тиімді ме?
2025 жылдың жазында қай қалада демалу тиімді?
0
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
Жыршы деп жыр мен дастан, қиссаларды айтып, тарататын адамды айтамыз. Халқымыздың ерте уақыттан бері өлең, жыр шығарып, толғау және қиссаларды айтатындарды «жыршы», «ақын», «термеші» деп атаған. Дегенмен әр жыршының жырды орындауында өзіндік ерекшеліктері болған. Мысалы, жыршылар белгілі музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен және белгілі мақаммен немесе әнмен айтады. Сонымен қатар жыршылар көбіне эпостық және лиро-эпостық жырларды орындаған. Жыршыларды халық ауыз әдебиетін орындаушылар ретінде танығанымен, олардың кейбірі ақындығын көрсетіп, өлең немесе жыр шығарып отырған. Халқымыз жыршыларды ақын-әншілермен, шешендермен бір деңгейге қойып, қошемет көрсеткен.
Талантты жыршылар халық арасында беделге ие болған. Алайда жыршыларды жыраулармен көп шатастырады. Жыраулар дегеніміз – толғау шығарып, өзі орындаған ақындар. Олар түрлі соғыстарға қатысып, батырлық қырынан да танылған.
Жыршылар ауыз әдебиетінің сақталып, бүгінгі күнге дейін жетуіне зор үлестерін қосқан әрі жырлардың бірнеше нұсқасын жатқа айтқан.