Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
АҚШ Ресей қарамағындағы Венесуэланың мұнай танкерін басып алды
Трамп трансгендер спортшылардың әйелдердің жарысына қатысуына тыйым салды
"Ер азаматтың жүрегінің жыртық жерін жамағысы келеді": Әнші Индира Расылхан екінші әйелдерді кінәламауға шақырды
"Өте діндар, әйелін сыртқа шығармайтын": Атыраулық отбасының өліміне күдікті күйеу бала жайлы не мәлім
Басын тақырлап, дәрі ішкізген: Әйел сау қызын да, қайырымды жандарды да оның қатерлі ісікке шалдыққанына сендірген
Талдықорғанда жанып жатқан көпқабатты үйден 7 бала құтқарылды
Еркебұлан Тоқтар мені жеңе алмайды - Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов
Үй қызметшісі баланың сүтіне дезинфекциялық қоспа қосып, қашып кеткен
"Біз аман қалдық": Алагөзовтің экс-жары Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайына қолдау білдірді
Қазақстанда енді малшылар мен шопандар ерте зейнетке шыға алады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
Фабула дегеніміз не?
0
Анонимді сұрақ
5 ай бұрын пайда болды
Сізге бір жыл жұмыс істемей-ақ, орташа жалақы төленсе, немен айналысар едіңіз?
0
Анонимді сұрақ
5 ай бұрын пайда болды
Телефон мен планшетке телмірмей, жазды мазмұнды өткізу мүмкін бе өзі? Ата-аналар, сіздерде қандай лайфхактар бар?
0
Анонимді сұрақ
6 ай бұрын пайда болды
Бурабай, Алакөл, Балқаш — қайсысы ұнайды? Түркия мен Грузияға кету тиімді ме?
2025 жылдың жазында қай қалада демалу тиімді?
0
Анонимді сұрақ
7 ай бұрын пайда болды
Дос пен таныстың арасы қай жерден бөлінеді? Соңғы рет шын досыңызбен не туралы сөйлестіңіз?
0
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
15
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
72
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
256
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
10
«Фабула» деп әдеби көркем шығармада суреттелетін оқиғаларды рет-ретімен жүйелеу, мазмұндауды айтады. Автор оларды жинақтап, бір-бірімен тоғыстырып, өзара байланыстар мен өрнектер жасап, фабула құрайды. Фабула – шығарманың негізгі оқиғасы, өзегі.
Әдебиетте фабула әдетте мағынасы мен қолданылуы бойынша түрлі бөлікке бөлінеді:
Пролог – көркем шығарманың оқиға мазмұны мен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлім. Көбінесе ол сюжеттің ешбір элементтерін қамтымайды, тек шығарманың мотивтерін, жалпы мағынасын және т.б. сипаттайды. Бұл ұғымды экспозиция және алғы сөз ұғымынан бөліп қарастыру маңызды: экспозиция – жағдайды немесе кейіпкерлерді білдіретін сюжеттің бастапқы бөлігі; алғы сөз – шығармаға ескерту, шолулар (автордың өзі де, сыншылардың, баспалардың, аудармашылардың және т.б.).
Оқиғаның басталуы – әрекетті тудыратын оқиға: ол әңгіме құрылатын қақтығысты анықтайды немесе тудырады.
Негізгі әрекет – оқиғаны дамытатын барлық оқиғалар.
Шарықтау шегі – көркем шығармада оқиғаның әбден шиеленісіп, шегіне жетіп өрістеген кезі. Әдетте шығармадағы окиға желісінің өрбіп-дамуы бірнеше кезеңге бөлініп қарастырылады.
Оқиғаның аяқталуы – әңгіменің логикалық қорытындысы, әдеби шығарманың қорытынды бөлімі. Барлық сюжеттер қисынды аяқталады, кейіпкерлердің тағдыры белгілі болады.
Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да, авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді.
Лирикалық шегініс – әдеби шығармадағы көркемдік тәсіл. Оқиға желісін кенет үзіп, өзі жайлы немесе оқиғадан тыс жайтты баяндау. Мұның негізгі оқиғаға тікелей қатысы бола қоймайды. Дегенмен бұл әдістің өзінше ұтымдылық жағы бар.
Дастандар мен өлеңмен жазылған роман, повестерде кездесетін бұл әдіс шығарма мазмұнын тартымды етіп, құндылығын арттыра түседі. Мысалы, Пушкин «Руслан және Людмила» поэмасында ескі аңыздың оқиғасын баяндай отырып, ақын арасында бүгінгі өмір немесе тіпті әдеби сын жайлы жеке пікірлерін қыстырып айта кетіп отырады.
Шығармаға іс-әрекеттің негізі болатын көркемдік техникалар кіруі мүмкін:
Перипетия дегеніміз – оқиғалардың қарама-қарсы мәнге өзгеруі, ықтималдық немесе қажеттілік заңдылығы бойынша өзгеруі. Антика дәуірінде бұл әдіс кейіпкердің сәтсіздігін құдайлардың жазасы деп сипаттауда қолданылған.
Интрига – күрделі, түсініксіз оқиғалар мен кейіпкерлердің қарым-қатынасын тудыратын сюжетті құру тәсілі. Интрига сюжетті дамытуға және оқырмандардың назарын аударуға мүмкіндік береді.
Коллизия (лат. collіsіo – қақтығыс) – қарама-қарсы мүдделер мен күштердің, көзқарастардың қақтығысы. Коллизия термині әдебиет пен өнер туындыларындағы тартыстың, сезім арпалысының шебер бейнеленуін көрсету үшін де қолданылады.