Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Admin

Ру деген не?

Талқылау

Пікір

Admin
13 Желтоқсан, 21

Ру – бір адамнан тараған туыстас адамдардың жиынтығы деуге болады. Бұрындары әр рудың өз ұраны мен таңбасы болған. Руды ақсақал басқарған.

Қазақта «Жеті ата» ұғымы да румен тікелей байланысты. Дәстүр бойынша әр адам өзінің жеті атасын білуі керек. Бұл қыз алысып, қыз беріскенде де үлкен рөлге ие болған. 

Қай заманда болмасын жаңадан танысып, жөн сұрасқан адамдар бір-бірінен руын сұрайды. Осылайша өзінің жақыны, руласын немесе аға-жиенін де тауып жатады. «Атасы алыс болса да, Жамиғи Қазақ бір туған» деп Базар жырау айтып кеткен.

Ру сөзі «ата» деген мағынаны білдірген. Адам атадан бастап істеген жақсылығы мен келер ұрпаққа үлгі боларлық азаматтарды ру деп атаған. Демек «Руың кім?» деп сұрағанда үлгі етерлік, тау тұлғалы ең Ұлы атаңның есімі қалай дегені. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?