Соңғы жаңалықтар

Сұрақтар мен жауаптар

Жанар

Түлкінің баласы қалай аталады?

Талқылау

Пікір

Қырмызы
07 Желтоқсан, 22

Түлкінің баласын жәудір немесе мыршай дейді.

"Жәудіреген көз" деген тіркес осыдан шыққан, өйткені ең мөлдір әрі әдемі көз түлкінің баласында болады. Көз жанарын сипаттағысы келгенде, осылай атайды. Бірақ биологиялық термин бойынша түлкінің баласы мыршай деп аталады. Мыршайлар көбінесе сәуірдің соңында немесе мамырдың басында пайда болады.

Олар енді дүниеге келгенде, терісінің түсі қоңыр болады. Оларды күшіктерден ажырату қиын, бір-біріне ұқсас. Мыршайлардың тек бір ерекшелігі  құйрығының ұшы ақ.

20 күннен соң мыршайлар іннен шығып, тамақтана бастайды. Бастапқыда олар зауза қоңыздары, шегірткелерді аулайды, өскеннен кейін сұр тышқан, кесіртке, бақа сияқты ірі жануарларды аулауды үйренеді.

Мыршайлар тамыз айына қарай ересекке айналады. Қараша айында үйірінен ажырап, бөлек кетеді.

Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Қарлығаш

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?

1
Асылзат

Қой малында ғана кездесетін сүйек қалай аталады?