Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Шымкентте жаңа қосылған шырша өртеніп кете жаздады (видео)
Құтқарушылар пиротехниканың қаупін іс жүзінде көрсетіп берді
Алматыда жұма намазы кезінде жолды жапқаны үшін 30 адам жауапқа тартылды
"Маған ұсынып, көзімше иіскеп алды": Алматы тұрғыны мефедрон тұтынған такси жүргізушісіне шағымданды
Баланың есімі үшін ажырасуға өтінім берді: Ерлі-зайыпты баласына кім ат таңдайтынын келісе алмаған
Instagram киім мен артқы көріністі өзгертуге болатын жаңа технологияны таныстырды
Жаңа қызметке тағайындалған Серік Жұманғаринге экономикалық өсімді қамтамасыз ету тапсырылды
Қазақстанда интернет алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрлігін басқарады
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
Бақытты отбасы туралы шығарма бар ма?
0
0
0
0
Ера
4 жылы бұрын пайда болды
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.
Бағалау критерийі:
Эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
3 аргумент келтіреді
Дәлелдері жеткілікті
Тақырыпты аша алады
Өзіндік көзқарасы, пікірі бар
Орфографиялық норма
Сауатты жазады
2
Алмас
6 жыл бұрын пайда болды
Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді
Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
191
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
251
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
Адам баласы өмірді отбасы арқылы тани бастайды, яғни ең маңызды базалық танымды отбасынан алады. Ата-анасы, бауырлары баланың өмірінде үлкен рөл атқарады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі,» – деп бекер айтылмаса керек. Отбасы – баланың эмоционалды, рухани құндылықтарды бойына сіңіретін ортасы. Ата-анасы балаға тәлім-тәрбие береді, жақсы мен жаманды, адамдармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Басқа сөзбен айтқанда, отбасы – үлкен өмірге дайындайтын мектеп. Ал сапалы «білімді» қайдан, қандай ортадан алуға болады? Әрине, өзара гармонияда, бақытты ортада өмір сүретін, сол бақытты жасай алатын адамдардан алады. Осындай бірлігі жарасқан отбасынан шыққан адам ғана өзінің отбасын бақытты ете алады, өмірде жолы болатын тұлға ретінде қалыптасады.
Менің де отбасым ең бақытты жанұя деп ойлаймын. Қасымда қорған болар әкешім, әлемдегі ең мейірімді жан – анашым бар. Кез келген уақытта қысылмай көмек сұрай алатын, мен дегенде жаны бөлек бауырларымның ортасындамын. Таңертең анам бетімнен сүйіп оятады, сабақтан қайтқанда да солай. Кейде туған үйімнің жылуы анашымның ыстық құшағында шығар деп ойлаймын. Ал әкем – үйіміздің тірегі, біздің сапалы білім алуымыз үшін, көйлегіміздің көк, қарнымыздың тоқ болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан. Жұмыстан келгесін бізбен бірге ойнап, кейде сабағымызға көмектеседі. Үнемі бар білгенін айтып, ақылын-кеңесін аяған емес. Бауырларыммен сабақ дайындаймыз, ойнаймыз. Кейде ренжісіп қалатынымыз да бар. Сонда да оларды қатты жақсы көремін. Бәріміз бір дастархан басында жиналып, шұрқырап әңгімелескенде, ерекше бір тәтті сезімге бөленемін. Ең қымбат сәттер екенін жан жүрегіммен сезінемін. Ал демалыс күндері уақытымызды бірге қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Табиғатқа шығамыз не болмаса кино не мультфильм көреміз. Үйде болғанның өзінде неше түрлі ойындар ойнап, анамның дәмді-дәмді тамақтарын жейміз. Жалпы анамның ыстық тамағының иісі үйіміздің берекесін, молшылығын білдіретін негізгі белгі деп білемін. Шаршағанда, сабақтан келгенде қандай рахат: қарнымыз тойып мәз-мейрам боп қаламыз. Анамыз біздің қуанышымызды көріп екі есе бақытқа бөленеді.
Әке-шешем әрдайым бізді жақсылыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға, адалдық пен мейірбандылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеп қана қоймай, өздері да үлгі бола біледі. Ес білгелі ата-анам жайында өзгелерден жаман сөз естімедім. Олардың біреуге арамдық жасап, біреумен ұрсысып жатқанын не болмаса басқалар туралы жаман сөз сөйлегенін естімедім. Мен де өз кезегімде жақсы адам болуға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау – өмірдегі ең үлкен арманым.
Менің танымымда бақытты отбасы – бірін-бірі риясыз жақсы көретін, еш есепсіз жақсылық жасауға асығып тұратын, тілеуіңді шын тілейтін адамдарың. Сонымен қоса олар тек жақсылықта ғана бірге болмайды, қиыншылықты да бірге өткереді, алға басуға жігер береді. Қандай жағдай болмасын жаныңнан табылады, қолдауға дайын тұрады. Алла Тағала ол адамдарды сенің өміріңнің бірінші күнінен-ақ байланыстырып қояды және ол байланысты соңғы күніңе дейін берік ұстауың керек. Үлкен бақыт – қандай жағдай болмасын сені жақсы көретін, бар кемшілігіңмен қабылдай алатын адамдардың барына сенімді болу шығар. Ал ондай адамдар – әрқашан сенің үйіңде: ата-анаң мен бауырларың. Жалпы, өмірде бақытты адам бақытты отбасынан шығады.
Менің отбасымда 5 адам бар. Олар - апам, ата-анам, ағам, әпкем және мен. Мен - үйдің кенжесімін. Ес білгелі кеш батысымен апамның жанына қаз-қатар тізіліп жата қалатынбыз. Мен үйдің кенжесі, апамның еркесі ретінде жып-жылы құшағына кіріп алып, үшеуіміз апамның әр сөзіне ұйып, ертегі тыңдайтынбыз. Апам адамгершілік, мейірбандық туралыыөнегелі әңгімелерді де жиі айтатын. Ал ата-анам жылы-жұмсағын бізден аямай, таңнан кешке дейін еңбек ететін. Анам - мектепте мұғалім. Ал әкем - инженер. Екеуі де балаларын қажеттінің бәрімен қамтамасыз етіп, біздің ешкімнен кем болмасымыз үшін жанталасып еңбектенеді. Ал кешке жұмыстан келгенде үстел басында емен-жарқын отырып тамақтанамыз. Әкеміз күніміздің қалай өткенін сұрайтын. Мұнан соң анаммен бірге кітап оқимыз. Әкем дойбы ойнатып, домбырада ойнауды үйрететін.
Кейде үшеуіміз концерттік бағдарлама жасап, мереке, туған күндерде концерт қойып беретінбіз. Апам, ата-анам шаттанып, бәріміз де мәз-мейрам болып қаламыз. Біздің бақытты отбасымыздың әр күні осылай өтеді.